Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

ИНСТИТУТТЫҢ ЖАС ҒАЛЫМДАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ САЙЛАНДЫ


24 қаңтар 2023 жылы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтында директордың ғылым жөніндегі орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Тілеубаев Шәмек Баянұлы мен Жас ғалымдар кеңесінің мүшелері кеңестің жаңа төрағасын сайлау жиынын өткізді.

Қатысушылар жиналыс барысында онлайн және оффлайн түрде өз пікірлерімен бөлісіп, төрағалық лауазымына лайықты үміткерлерді ұсынып отырды.

Ашық талқылаулар мен дауыс берулердің нәтижесінде, модератордың шешімімен Кунекеев Аман Дәулетұлы Жас ғалымдар кеңесінің жаңа төрағасы болып сайланды.

Кунекеев Аман Дәулетұлы 1987 жылы, 29 қазан Алматы облысы, Қарадала ауданы, Сүмбе ауылында дүниеге келген. 2007-2011 жж. Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультеті, 2011-2013 жж. Корей компаниясында корей тілінің аудармашысы, 2014-2016 жж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тарих факультеті, 2016-2017 жж. 119 мектеп-лицейде тарих пәні бойынша мұғалім, 2018 ж. бері Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері.

Құрметті Аман Дәулетұлы, Сізді Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ұжымы атынан шын жүректен құттықтай отырып, қызметіңіздің жемісті әрі нәтижелі болуын тілейміз!

Құрметпен, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ұжымы.