Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Ш.Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ


2023 жылдың 31 қаңтарында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында директор, ҚР ҰҒА-ның корреспондент мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор З.Е. Қабылдинов бастаған институт басшылығы мен Халықаралық Түркі академиясының президенті Шаһин Маджид оглы Мұстафаевтың кездесуі өтті.

Жиынға қазақтың көрнекті тарихшы-шығыстанушысы, ҚР ҰҒА-ның академигі, тарих ғылымдарының докторы Б.Е. Көмеков те қатысты. Институт директоры Шахин Мұстафаевты институттың соңғы жылдардағы жұмысының нәтижелерімен таныстырды.

Кездесу барысында Академия президенті түркі тарихын зерттеуді кеңінен насихаттау мақсатында Институтпен алдағы уақыттағы ынтымақтастық ниеті туралы айтты.

Басшылық бұл мәселені зерделеуге, сондай-ақ Түркі академиясына тиісті ұсыныстар жіберуге шешім қабылдады.

Кездесуде Халықаралық Түркі академиясының Президенті Институт ғалымдарын Халықаралық Түркі мемлекеттілігі конгресінің жұмысына қатысуға шақырды, сондай-ақ Институт тарапынан Түркі әлемінің жас тарихшылар мектебін ұйымдастыру туралы ұсынысты қолдады.

Кездесу соңында құрметті қонаққа сый ретінде Институт баспасынан шыққан кітаптар табыс етілді.