Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ ӨТТІ


03 ақпан 2023 жылы «Ғылым ордасы» РМК-да еліміздің Үздік ғылыми қызметкерлерін Ғылым саласындағы сыйлық және мемлекеттік ғылыми стипендия иегерлерін марапаттау рәсімі өтті.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі, т.ғ.д., профессор Зиябек Ермұханұлы Қабылдиновты Гуманитарлық ғылымдар саласындағы жоғары жетістігі үшін 2022 жылғы «Үздік ғылыми қызметкер» сыйлығын тағайындау туралы куәлігімен марапаттады.

Айта кетсек, 2022 жылғы желтоқсанда ҚР ҒЖБМ еліміздің үздік 50 ғалымдарының жыл сайынғы тізімін анықтаған еді, олардың қатарында біздің Институтымыздың директоры да болды.