3 ақпан 2023 жылы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Шартқа сәйкес тараптар бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын әзірлеу, инновациялық қызметті дамытуды, сондай-ақ іргелі, қолданбалы зерттеулер саласындағы ғылыми бағдарламаларды бірлесіп орындауды жоспарлап отыр.