Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

ИНСТИТУТТА РЕСЕЙ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ҚАЛМАҚ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ В.В. КУКАНОВА БАСТАҒАН ДЕЛЕГАЦИЯМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ


2023 жылғы 13 ақпанда Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында Ресей Ғылым академиясының Қалмақ ғылыми орталығының (РҒА ҚҒО) директоры Виктория Васильевна Куканова бастаған делегациямен (Элиста қ., Қалмақ Республикасы, РФ) кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты «ХХ ғасырдың 20-50 жж. Орта Азия республикалары аумағындағы қазақтар арасындағы саяси қуғын-сүргін», «Орта Азиядағы қазақтар: Тарих және тағдырлар (1920-1950 гг.)» кітаптарының тұсаукесерлерін жасады.

Сондай-ақ, жиында 1940-1950 жылдары Қазақ КСР-іне арнайы қоныс аударушылар ретінде жер аударған қалмақтар туралы мұрағаттық құжаттар тапсырылды.

Қазіргі уақытта Институтта жарияланатын «Отан тарихы» және «Edu history» атты екі журналдардың бас редакторлары мен РҒА ҚҒО директоры В.В. Куканова арасында Scopus бірыңғай библиографиялық және рефераттық дерекқорына журналдарды енгізу туралы келіссөздер күтілуде.

2023 жылғы 17 ақпанда Институттың ұйымдастыруымен «Қазақ қалмақ қатынастары: Тарих және қазіргі заман» конференциясы өтеді. Ақпарат Институттың сайтында орналастырылады.