Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

ИНСТИТУТ ҒАЛЫМДАРЫ АМЕРИКАЛЫҚ (ЧИКАГО Қ.) ТАРИХШЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ


10 ақпан 2023 жылы Институтта Жас ғалымдар кеңесі (әрі қарай – ЖҒК) мүшелері мен директордың ғылым жөніндегі орынбасары Тлеубаев Ш.Б. және директордың қоғаммен байланыс жөніндегі орынбасары Абдулина А.Т., АҚШ Чикаго университетінің зерттеуші-тарихшысы Эбигейл Брэтчермен (Abigail Bratcher) кездесті.

Кездесудің мақсаты: Алматы қ. кітапханалар мен мұрағат қорларынан «1945-1991 жж. Қазақ КСР мал шаруашылығын индустрияландыру» тақырыбы бойынша зерттеу жұмыстарына арналған материалдар жинақтау болып табылады.

Кездесу барысында ЖҒК мүшелері тарихшыға келешекте ынтымақтастық бойынша бірлесе отырып, жұмыстар жүргізуге ниеттерін білдірді. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен Чикаго университеті (University of Chicago) арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасасу жоспарлары бар.

Кездесу соңында қатысушы ғалымдар, Эбигейл Брэтчерге Институт кітаптарын сыйға тартып, ол өз кезегінде алғысын білдірді және қайта оралатынын жеткізді.