2023 жылғы 14 ақпанда Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының қолдауымен РҒА Қалмақ ғылыми орталығының директоры В.В. Куканова ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры, ҚР ҰҒА-ның академигі С.Т. Сейдумановпен ынтымақтастық туралы келісім-шартқа қол қойды.
Кездесуге Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, ҚР ҰҒА-ның корр.-мүшесі, профессор З.Е. Қабылдинов, директордың қоғаммен байланыс жөніндегі орынбасары А.Т.Абдулина, Философия, саясаттану және дінтану институты директорының орынбасары Ш.Е. Жаманбалаева, Институттың ғылыми хатшысы Д.М. Жаңабаева қатысты.


Тараптар бұдан былай өзара қарым-қатынастарды нығайта отырып, алдағы уақытта бірлескен ғылыми жобалармен жұмыс істеуге ниетті. 17 ақпан 2023 ж. «Ғылым ордасында» Институттың ұйымдастыруымен «Қазақ-қалмақ қатынастары: тарих және қазіргі заман» тақырыбында конференция өтеді.