Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

ИНСТИТУТ ҚР ПРЕЗИДЕНТІ МҰРАҒАТЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ


2023 жылғы 15 ақпанда Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының директоры және директорының орынбасары А.Х. Мұстафина мен Қ.Ш. Әлімғазиновпен кездесу өтті.

Кездесу барысында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, т.ғ. д., профессор З.Е. Қабылдинов келген қонақтарымызды Институттың соңғы бес жылдағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі нәтижелерімен таныстырып өтті.

Сонымен қатар, кездесуде өзара ынтымақтастық мәселелері, әсіресе саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Мемлекеттік комиссияның жұмысын ғылыми түрде сүйемелдеу туралы талқыланды.