Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

ИНСТИТУТТА ҚАЛМАҚ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫМЕН БІРЛЕСЕ «ҚАЗАҚ-ҚАЛМАҚ ҚАТЫНАСТАРЫ: ТАРИХ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН» ТАҚЫРЫБЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ


2023 жылдың 17 ақпанында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен Ресей Ғылым академиясының (РҒА) Қалмақ ғылыми орталығы ұйымдастыруымен «Қазақстан және қалмақ: тарих, мәдениет және бірлескен ғылыми ізденістердің болашағы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияның мақсаты – тарихи тағдыры бір қазақ және қалмақ халықтарына қатысты өзекті тарихи мәселелерді талқылау.

Бүгінде Қалмақ ғылыми орталығы моңғол халықтарының тарихи-мәдени мұраларын, лингвистикалық және этникалық ерекшелігі мен болмысын, мәдени құндылықтары мен рухани дәстүрлерін зерттеу, сақтау ісіндегі ірі ғылыми орталық болып саналады.

Конференцияда құттықтау сөздерімен Институт директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор З.Е. Қабылдинов, РҒА Қалмақ ҒО директоры В.В. Куканова, сондай-ақ тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Б.Е. Көмеков ғылыми баяндамаларын жасады.

Аталған тақырыптық мәселелерді талқылау нәтижесінде конференцияда төмендегідей тұжырымдар жасалды:

–  Ш.Ш.Уәлиханов атындағы ҒЗИ және РҒА Қалмақ ғылыми орталығы ғылым және білім беру саласындағы ортақ ғылыми-зерттеу жобалары мен бағдарламаларын дайындауға, оларды жүзеге асыруға күш салады;

–  Ғылыми және ғылыми-көпшілік басылымдарды бірлесіп дайындау, сондай-ақ екі тараптың ғылыми жарияланымдарымен өзара алмасу қарастырылды;

–  Жас ғылыми кадрларды тағылымдамаларды өткізу, ғалымдардың біліктілігін арттыратын курстар әзірлеу жоспарланды;

– Тараптар екі халықтың тарихы, этнографиясы, мәдениеті мен салт-дәстүріне қатысты түрлі мәселелерді талқылауға, кейінгі үш жылда бір рет өткізілетін ғылыми конференциялар платформасында тақырыптар мен қатысушылар құрамын кеңейтуге болатын аналитикалық пікірталас алаңын құру мүмкіндігін жүзеге асыруды ойластырды;

РҒА Қалмақ ҒО жақында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы ҒЗИ қызметкерлеріне Scopus рейтингтік журналдар базасына институттың ғылыми журналдарын енгізу бойынша ғылыми және әдістемелік-кеңестік бағытта көмек көрсетуді бастады.

Конференцияда Институт «XX ғасырдың 20-50 жж. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның материалдары» кітаптары мен Институттың бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор М.Ж. Әбдіровтың «Казахский Хан в русском государстве» атты еңбегінің тұсаукесерін өткізді.