Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

ЫСТАМБҰЛ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТҮРКІТАНУ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ ПРОФЕССОРЫМЕН КЕЗДЕСУ


2023 жылдың 17 ақпанында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғалымдарымен кездесуге Ыстамбул университетінің Түркітану ғылыми-зерттеулер институтының профессоры “Оспан батыр және Шығыс Түркістандағы ұлттық күрес (1941-1951)” атты кітабының авторы, белгілі зерттеуші Өмір Құл мырза келіп, “Түрік зерттеушілерінің түркі әлемін зерттеудегі негізгі бағыттары: мәелелер мен болашағы” атты семинар өткізді.

Кездесуде екі жақ бірлескен ынтымақтастық жұмыстары мен Түркия және Қазақстан арасындағы ғылым саласындағы көпір құру туралы көптеген мәселелер талқылады.

Атап айтқанда, Өмір Құл мырза Түркі әлемінен келетін магистранттар мен докторанттарға арналатын стипендиялар ұсынылатыны туралы айтып жеткізді.