Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Ақпараттық хат


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Р. Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты жанындағы тарихи материалдарды зерделеу жөніндегі республикалық ақпараттық орталығы

Конференцияның тұжырымдамасы:Дереккөздік базаны зерттемей, Қазақ хандығының тарихын, тіпті, бүкіл тарихты елестету ақылға қонбайды. Қандай да бір тарихи жағдай контексінде дереккөздердің әрқилы түрлері, топтары, типтеріне талдау жасау – оқиғаларды түсіну мен объективті баяндауда түйінді жайт болып табылады. Дереккөздердің жеткіліксіздігі немесе оны сыңаржақ ұғындыру тарихи оқиғалардың бұрмаланып, кейіннен олардың мифологияландыруына әкеліп соғуы ықтимал.Осыған байланысты, ғылым және тәжірибе тұрғысынан, ғылыми, қолданбалы аналитика, шолу және т.б. аналитикалық жұмыстардың кез келген түрін жүргізуге негіз болатын деректанудың ортақ қағидаларымен жұмыста пәнаралық тәсілдің өзектілігі арта түседі.

Ғылыми конференцияның мақсаттары:

– Қазақ хандығының тарихы мен мәдениетін зерттеу және оны жазуда пәнаралық тәсілдеменің аса ірі қазақстандық сарапшыларының жан-жақты зерттеулері және оны баяндауы;

– Қазақстанның онан әрі серпінді дамуы мен дүниежүзілік аренадан алатын орнын нығайтуға себепші болатын ұсыныстар жасау мақсатында, жаһандық зияткерлік ресурстардың басын біріктіру.

Оқуға арналған жұмыс тілдері: қазақ, орыс

Өтінім беру мерзімі – 2023 жылдың 25 ақпанына дейін

Zoom конференциясына қосылу

https://us06web.zoom.us/j/89566803653?pwd=Vm9vRjN3YTRaME5rYXhad1dRRk5wdz09

Конференцияның идентификаторы: 895 6680 3653

Қолжетімдік коды: 931695

ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМНІҢ ТІРКЕУ НЫСАНЫ

____________________________________________________________

(аты-жөні, әкесінің аты)

баяндама тақырыбы ____________________________________________________________

(баяндама атауы)

байланыс мәліметтері (телефон, E-mail)____________________________________________________________

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕНЖАЙЫ:

Қазақстан Республикасы, 010010, Алматы, Құрманғазы 29

Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты  

Тел.: 8(777) 2511169

E-mail: uly.dala2017@mail.ru