Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ!


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ

Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірге 2023 жылдың 28 ақпанда сағ.11.00-де«Кеңестік Қазақстан: әлеуметтік және этникалық қақтығыстар тарихының тағылымы (1920-1991 жж.)» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Конференцияның мақсаты: Кеңестік Қазақстанда жүргізілген әлеуметтік эксперименттер, адам құқығының бұзылуы, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрін ескермеген большевиктердің ұлт саясаты, Қазақстанға 1 207 мыңнан астам әртүрлі ұлт өкілдерінің күшпен жер аударылуы, тың және тыңайған жерлерді игеру барысындағы және т.б. бассыздықтар, биліктегі қасаң бюрократия мен жемқорлық – әлеуметтік және этникалық қақтығыстардың туындауына себеп болды. Мұндай қақтығыстар туралы ақпаратты кеңес билігі жасырғандықтан, әлі күнге дейін олардың тарихына арналған толыққанды зерттеу жоқ. Сондықтан, еліміздегі гуманитарлық, сондай-ақ тарих ғылымында да қақтығыстану (конфликтология) бағыты кенже қалып келеді. Ұлтаралық татулық пен қоғамдық келісімді сақтап, оны нығайтуға тырысқан тәуелсіз Қазақстан үшін әлеуметтік және этникалық қақтығыстардың тарихын зерттеу маңызды.

ХХ ғасырдың 20-30-жылдары ашаршылықтан және түрлі індеттерден қырылған халық, ұлт саясаты, әлеуметтік саладағы және экономикада жүргізілген ауытқуларға қарсы бас көтеруге мәжбүр болды. Большевиктік билік орын алған шаруалар көтерілістерін қарақшылық-басмашылық бас көтерулердің қатарына жатқызып, оларды барынша қаралап, әшкерелеу бағытында үгіт-насихат жүргізді. Соғыстан кейінгі 50-60 жылдарда орын алған әлеуметтік қақтығыстардың ішінен Теміртау, Шымкент көтерілістері, 80-жылдардағы  Жаңаөзен, Ұзынағаш, Алматы бас көтерулері қазірге дейін тиянақты зерттеуді күтуде. Өткен ғасырдың 50-90-жылдарындағы өзге оқиғаларды зерттеу енді қолға алынып отыр. Отандық тарих ғылымының алдында осы қақтығыстардың тарихы мен себептерін зерттеу, шетелдік, қазақстандық, соның ішінде аймақтық архивтік деректердің үлкен массивін ғылыми айналымға енгізу міндеті тұр. Кеңестік кезеңде Қазақстанда орын алған әлеуметтік және этносаралық қақтығыстар тарихын зерттеу ісінде шешімін күткен методологиялық мәселелер де бар. Әлеуметтік және этникалық қақтығыстардың кеңестік билік тарапынан бағалануы, тарихи оқиғалардың халық жадындағы бейнесі, тарихнамасы, қақтығыстар тарихын зерттеу әдістемесі мен әдістерін саралау өзектілігін сақтап отыр. 

Конференция ҚР ҒЖБМ қаржылай қолдауымен AP09259347 «Кеңестік Қазақстан: әлеуметтік және этникалық қақтығыстар тарихының  тағылымы (1920-1991 жж.)»  жобасын іске асыру шеңберінде өткізіледі.

Конференция жұмысыныңнегізгібағыттары:

  1. XX ғасырдағы Кеңестік Қазақстандағы әлеуметтік және этносаралық қақтығыстар тарихын зерттеу әдіснамасының мәселелері;
  2. ХХ ғасырдағы Қазақстандағы әлеуметтік және этносаралық қақтығыстардың

түрлері мен сипаты, алғышарттары, себептері, сабақтары;

  1. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы шаруалар көтерілістерінің тарихын зерделеу;
  2. 1937-1950-жылдары Қазақстанға жер аударылған кулак категориясына

жатқызылғандар мен халықтардың орналасуы мен республикадағы ұлтаралық ахуал;

  1. XX ғасырдағы Кеңестік Қазақстандағы әлеуметтік және этносаралық қақтығыстар 

тұсында биліктің тәртіпті қалпына келтіру мен халықты тыныштандыруға бағытталған әдістері;

  1. 1959 жылы Теміртауда, 1967 жылы Шымкентте, 1986 жылы Алматыда болған  

және басқа да қақтығыстардың тарихы, алғышарттары мен себептері, сабақтары;

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференция жұмысының басталуы: 2023 ж. 28 ақпан, сағат 11.00 (Астана қаласының уақыты бойынша (Қазақстан).

Өтетін орны: Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі 40-үй, Достық үйі  Мәжіліс Залы. (ZOOM негізіндегі конференция арқылы да қосылады (конференция идентификаторы қосымша хабарланады).

Конференцияға қатысу үшін ғалымдар, қоғам қайраткерлері, докторанттар мен магистранттар шақырылады.

Конференция жұмысының қорытындысы бойынша конференция материалдарының жинағын шығару жоспарлануда.

Конференция жинағына өтінімдер мен мақалаларды қабылдау «Кеңестік Қазақстандағы қақтығыстар» белгісімен электрондық нұсқада жүзеге асырылатын болады, e-mail: k.manara@mail.ru, kun2013@mail.ru, Тіркеу нысаны 2023 жылғы 5 ақпанға дейін, баяндама (мақала) материалдары – 2023 жылғы 15 ақпанға кешіктірілмей қабылданады.

Материалдарды рәсімдеуге қойылатын талаптар: мақала көлемі – 10-12 беттен артық емес, Microsoft Word редакторында; шрифті Times New Roman, кегль 12; жоларалық интервал – бір; абзац – 1 см, абзац шегінісі автоматты түрде орнатылады; өрістер: жоғарғы және төменгі – 2, сол – 3, оң – 1,5; автордың аты-жөні, жұмыс орны (ұйым атауы) – оң жақ бұрышта; баяндаманың атауы бас әріптермен төменде қала, ел орталық бойынша орналастырылады. Ғылыми дереккөздерге сілтемелер төртбұрышты жақшада реттік нөмірмен көрсетілуі керек (мысалы, [1, 65-б.]), ескертілуіне қарай, мақала мәтінінің соңында орналастырылған пайдаланылған әдебиеттер тізіміне сәйкес.

Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына немесе қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін материалдарды қабылдамауға құқылы.

Мақалалар рецензияланбайды, автор осы мақалалардың мазмұнына және плагиатқа жауап береді.

Жол жүруге және тұруға байланысты іссапар шығыстары іссапарға жіберуші тараптың есебінен жүзеге асырылады.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Қазақстан, 050010, Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Қазақстан халқы Ассамблеясы.

Байланыстұлғалары: Қалыбекова Манара Шалтенқызы (+7 701-2993-30-41),k.manara@mail.ruСтамшалов Еркін Иманғазыұлы:kun2013@mail.ru, тел.:+77474453793 (WatsApp), +7 7784301073)

Құрметпен, ұйымдастыру комитеті

ТІРКЕУ ФОРМАСЫ

 Толық аты-жөні 
 Жұмыс орны, лауазымы 
 Ғылыми дәрежесі және атағы 
 Байланыс мекен-жайы және телефоны, e-mail: 
 Қатысу бағыты, нысаны 
 Баяндама тақырыбы 

МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУ ҮЛГІСІ

А.Т. Абдулина, т.ғ.к.

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты,

этнология және антропология бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері

ТАРИХТАҒЫ ТҰЛҒА:ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ

Баяндама мәтіні, баяндама мәтіні, баяндама мәтіні

Әдебиеттер мен дереккөздер тізімі:

1 Абусеитова М.Х. История Центральной Азии: концепции, методика и новые подходы // «Орталық Азиядағы қоғамдық ғылымдардың дамуындағы жаңа стандарттар» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы: Дайк-Пресс, 2006. –10-17-бб.

3 Байтова А. Инновационно-технологическое развитие – ключевой фактор повышения конкурентоспособности // Казахстанская правда. – 2009. – № 269. –28-б.