Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭТНОМӘДЕНИЕТТЕР ЖӘНЕ КӨШПЕНДІЛЕРДІ ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» КОНФЕРЕНЦИЯСЫ. БЕЛГІЛІ ЭТНОЛОГ ҒАЛЫМ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР АХМЕТ УӘЛХАНҰЛЫ ТОҚТАБАЙ 70 ЖАСҚА ТОЛДЫ


2023 жылдың 24 ақпан күні Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Қазақстан Жазушылар одағымен, «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасымен бірлесіп, белгілі этнолог-ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Тоқтабай Ахмет Уәлханұлының 70 жылдығына арналған «Қазақстандағы этномәдениеттер мен көшпенділерді зерттеу мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.

Конференция мақсаты – тарих ғылымдарының докторы, профессор А.Тоқтабайдың қазақтар мен түркі көшпенділерінің мәдениетін зерттеуге қосқан үлесін, сондай-ақ Қазақстандағы этникалық мәдениеттердің қазіргі жағдайы мен даму тенденцияларын, қазақтардағы жылқы өсіру мәдениетін, этноспортты дамыту және Орта Азия қазақтарының қасиетті орындары туралы мәселелерді талқылау болды.

Ахмет Тоқтабай 1953 жылы 20 қаңтар күні Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Қаратал ауылдық кеңесінің Сайхан қыстағында дүниеге келген. 1969 жылы Зайсан қаласындағы М.Әуезов атындағы орта мектепті бітіріп, сол жылыС.М.Киров атындағы ҚазМУ тарих факультетіне оқуға түсті. 1974 жылы университетті «Археология және этнология» мамандығы бойынша тәмәмдаған соң, А.Тоқтабай алдымен тарихи-сәулет ескерткіштерін зерттеумен және қалпына келтірумен айналысатын ҚазССР Мәдениет министрлігінің жанындағы «Қазпроектреставрация» институтында кіші, содан кейін аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді. Ал 1985 жылы ол ҚазКСР Ғылым Академиясының Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтына (1991 жылдан бастап Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты) ауысады және осы күнге дейін этнология және антропология бөлімінде жұмыс істейді.

Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға 50-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында Қазақстанның белгілі ғалымдары, академиктер, ғылым докторлары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жетекші жоғары оқу орындарының профессорлары болды. Конференция қонақтары қатарында Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей және Жапония ғалымдары болғанын да айта кеткен жөн.

Конференция модераторы – Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зиябек Ермұханұлы Қабылдинов ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Е.Қариннің, Ғылым және жоғары білім министрі С.Нұрбектің арнайы құттықтау хаттарын оқыды. Сондай-ақ мерейтой иесіне «ҚР Ұлттық Ғылым академиясының құрметті профессоры» атағы, ҰҒА Президиумының Құрмет грамотасы және «Хан батыр Қабанбай» ордені, «Төле би ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Конференцияда Ахмет Уәлханұлын мерейлі жасымен құттықтап ғылыми-зерттеу институттарының, оның ішінде Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің, жоғары оқу орындарының, шығармашылық одақтардың (Қазақстан Жазушылар одағы мен суретшілер Одағы), «Алматы кітап» баспасының, «Қабанбай»қоғамдық қорының, «Айғақ»телерадиокомпаниясының басшылары және өзге де тұлғалар сөз сөйледі. Құттықтау айтқандардың арасында мерейтой иесінің диссертациялық жұмыс жетекшісі О.Смағұлов және ҚР ҰҒА академиктері М.Қойгелдиев, Х.Әбжанов, А.Бердиев, Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеш Жоғарғы Кеңесінің депутаты, меценат, белгілі археологтар, тарих ғылымдарының докторлары З.Самашев, А.Төлеубаев, сондай-ақ біздің институттың қызметкерлері, тарих ғылымдарының докторлары –М.Ж.Әбдірова, С.Е.Әжіғали және т.б. болды.

Конференцияның негізгі бағыттары қазақ этномәдениетін, көшпенділерді зерттеу мәселелерін, қазақтың дәстүрлі мал шаруашылығын, қазақтардың жылқы шаруашылығы мәдениетін, қазақтың ит аулауәдебін және Орта Азия қазақтарының киелі әрі тарихи орындарын, сондай-ақ түркі халықтарының ұлттық ат спорты мәселелерін қамтыды:

Ниномия Такаши, Цукуба университетінің профессоры (Жапония) – «Жапондық және қазақы жылқы жабдықтарын  салыстыру бойынша зерттеу»; 

Аширов Адхамжон Әзімбайұлы, Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының Тарих институтының «Этнология және антропология»орталығының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор – «Өзбектердің күнделікті және салттық өміріндегі жылқыға табыну»; 

Винокурова Лилия Иннокентьевна, Ресей Ғылым академиясының Сібір бөлімінің солтүстіктегі байырғы халықтардың гуманитарлық зерттеулер және проблемалар институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты (Якутск қаласы) – «Якутияның дәстүрлі мал шаруашылығы: кеңес кезеңіндегі еңбек ресурстары»;

Қалыш Аманжол Боранбайұлы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің тарих факультетінің археология, этнология және мұражай дела кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы – «Жарты ғасырдық жол»;

Қалшабаева Бибизия Кенжебекқызы, Әл-Фараби Қазақ Ұлттық университетінің тарих факультетінің археология, этнология және мұражай дела кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы – «Орта Азия қазақтарының діни көзқарастары»;  

Орынбаева Гүлмира Үсенбайқызы, Ш.Ш.Уәлиханов атындағы ТЭИ этнология және антропология бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты – «Шекарасыз этнография: белгілі қазақстандық ғалым Ахмет Тоқтабайға 70 жыл толады».

Аталған мәселелерді талқылау нәтижесінде институт басшылығы қарарда мынадай шешімдер қабылдады:

1.​ Профессор А.У. Тоқтабайдың библиографиялық көрсеткішін жарыққа шығару.

2.​ Қазақ халқының мал шаруашылығын дамытуға, шетелдегі қазақ диаспорасының киелі жерлеріне арналған конференциялар/форумдар өткізу. Аталмыш жиындарға (соның ішінде бірлескен ұйымдастырушылар ретінде) алыс-жақын шет елдердің ғылыми-зерттеу мекемелері және ғалымдары арнайы шақыру.

3.​ Жылқы шаруашылығы және киелі жерлер бойынша академиялық этнология және антропология бөлімінің (ҚР ҒЖБМ ҒК ТЭИ) кадрлық қамтамасыз етілуін күшейту.

4.​ Қазақтардағы мал шаруашылығына, шетелдегі қазақтардың киелі жерлеріне қатысты өзекті тақырыптар бойынша жобалар дайындалып мемлекеттік гранттық конкурстарға ұсыну.

5.​ Шетелдегі қазақтардың киелі жерлері, қазақтардың мал шаруашылығының даму тарихы мәселелерін зерттеу бойынша магистранттар мен докторанттарды дайындау бағдарламасындайындау.

6. ​Шетел қазақтарының киелі жерлері, қазақтардың мал шаруашылығы мәселелерін зерттеу саласы бойынша ғылыми бағыттарды ойдағыдай дамыту мақсатында отандық және шетелдік ғалымдармен ғылыми байланыс орнатып, әріптестік күшейту.

7.​ А.Тоқтабай 20 жылдан бері мәселе ретінде қозғап жүрген республика көлемінде қазақ жылқысының тарихына арналған музей ашу туралы ұсынысын мемлекеттік деңгейде тиісті орындардың назарына ұсыну.

Сондай-ақ Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ұйымдастырумен конференция барысында «Қазақтардың жылқы әлемі» және «Орта Азия қазақтарының киелі жерлері» атты мерейтойлық кітаптарының тұсаукесері өтті. Кітаптар Ш.Ш.Уәлиханова атындағы Тарих және этнология институтының кітапханасына берілді, осы жерден ниет білдіргендер кітаппен таныса алады.

Конференцияға ҚР ҒЖБМ «Ғылым Ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы дайындаған А.Тоқтабайдың кітаптары, ол туралы жарияланымдар көрмесі орайластырылды. Іс-шарада 200-ден астам ғылыми жұмыстардың авторы болған мерейтой иесі жеке кітапханасынан кейбір кітаптарды институтқа сыйға тартты.