Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«ХАБАР» АГЕНТТІГІ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ МЕН Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ АРАСЫНДА ӨЗАРА ТҮСІНІСТІК ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ 2023 ЖЫЛҒЫ 28 АҚПАНДА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ


2023 жылғы 28 ақпанда «Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамы және Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты арасында медиа саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға өзара түсіністік туралы меморандум жасасты.

Меморандумның мақсаты – әріптестік қатынастарды орнату, өзара тиімді шарттарда тараптар арасында ұзақ мерзімді және тиімді ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ ақпараттық және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру кезінде өзара қолдау көрсету болып табылады.

Меморандум мақсаттарына қол жеткізу үшін тараптар бірлескен бұқаралық іс-шараларды өткізуге, ғылыми семинарларға, дәрістерге және басқа да іс-шараларға қатысуға, сондай-ақ өзара уағдаластықтарға сәйкес тараптар ұйымдастырған және өткізетін фестивальдерге, телевизиялық және өзге де іс-шараларға қатысу үшін тараптар өкілдеріне қолайлы жағдайлар жасауға және жәрдем көрсетуге келісті.

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ҒҚ, тарих магистрі А.А. Бекенова