Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ!


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 

ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ 

Ш. Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ

ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Сіздерді 2023 жылғы 17 наурызда сағат 15.00-де «ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы Қазақстандағы жаппай саяси қуғын-сүргін және оңалту процестері: бірыңғай деректер базасын құру» БМҚ шеңберінде «Солтүстік Қазақстан облысындағы поляк арнайы қоныстанушылары (1936-1955 жж.) (Алматы: «Литера-М» ЖШС, 2022. – 384 б.)» архивтік құжаттар мен материалдар жинағының тұсаукесеріне қатысуға шақырады.

Жинақта 1950 жылдардың ортасынан бастап Солтүстік Қазақстан облысының шегіне әкімшілікпен жіберілген поляктар туралы құжаттар, атап айтқанда КСРО мен Қазақ КСР жоғары басшылығының, сондай-ақ жергілікті билік органдарының поляк халқын депортациялау, репатриациялау, азық-түлікпен және өнеркәсіптік тауарлармен қамтамасыз ету, құқықтар мен міндеттер жөніндегі қаулылары, бұйрықтары, нұсқаулықтары, өкімдері, арнайы қоныстанушылардың міндеттері, поляк азаматтарының КСРО азаматтығынан шығу ережелері, жергілікті билік органдарының Петропавл қаласы және Солтүстік Қазақстан облысындағы поляк елшілігінің өкілдіктерімен қарым-қатынасы туралы нұсқаулар жарияланған. Құжаттардың едәуір бөлігі поляк отбасыларының, поляк балалары мен қарттарының, поляк армиясына мүше отбасылардың, арнайы қоныстанған поляктардың әртүрлі тізімдерінен тұрады. Ұсынылған құжаттардың жаңалығы тек репрессиялық заңнаманы және поляктарды Қазақстанға күштеп көшіру әдістерін көрсетуден ғана емес, сонымен қатар Кеңес мемлекетінің соғыс алдындағы және соғыс жылдарындағы поляк халқына қатысты репрессиялық саясатынан тұруы болып табылады.

Жинақта жарияланған Қазақстанның 10 түрлі мұрағатынан 200-ден астам құжат Қазақстандағы қуғын-сүргін тарихына және поляк арнайы қоныс аударушыларының тарихына қызығушылық танытатын барша қауымның көңілінен шығады.

Құрастырушылар: тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Л.А.Гривенная, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі және университет магистранты В.В.Чинишлов.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Шевченко к-сі, 28. Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты. 

Өтетін орны: Алматы қ., Шевченко к-сі, 28, «Ғылым ордасы» ғимаратындағы Орталық ғылыми кітапхананың конференц-залы, 3 қабат. Басталуы: сағат 15.00-де.

Байланыс телефоны: 8 (727) 272-67-19, 261-01-33; факс: 8(727) 261-67-19; e–mail: kazhistory@ mail.ru; K.manara@mail.ru; Манара Чалтеновна Қалыбекова – сыртқы байланыстар, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің меңгерушісі, т. ғ. к., моб.: +7 701 299 30 41

Zoom конференциясына төмендегі сілтеме арқылы қосылыңыз:

https://us02web.zoom.us/j/88184785065?pwd=ajZDemlaa0ZzR3FtbWFyempRUndWdz09

Конференция идентификаторы: 881 8478 5065

Кіру коды: 46550.