Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Көне Түркі және көне Ұйғыр дәуірі кезеңінің жазба өркениеті VI-XIV-ғ.ғ.» көрмесінің ашылуы өтті


Дереккөз: Мемлекеттік орталық музейі

2023 жылдың 9 наурыз күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі мен АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі және Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты (ХҚҒЗМИ) бірігіп ұйымдастырған АҚШ елшісінің «Мәдени мұраны сақтау жөніндегі қоры» (AFCP) қаржыландыратын «Көне түркі және көне ұйғыр дәуірі кезеңінің жазба өркениеті VI-XIV ғғ.» көрмесін ашты.

Көрменің ресми ашылуында  ҚР Орталық музей директорының орынбасары Ғалия Теміртон, АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Кэролайн Сэвидж, жоба кеңесшісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, археолог Алексей Рогожинский, белгілі ғалым, түркі жазуының ескерткіштерін қалпына келтірген реставратор, «Остров Крым» ғылыми-реставрациялық зертханасының негізін қалаушы Қырым Алтынбеков және зерттеу тобының мүшесі, ұйғыртанушы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Аблет Каюмович Камалов сөз сөйледі. Сонымен бірге аталмыш көрме аясында белгілі режиссер және сценарист Алексей Владимирович Каменскийдің «Тағдыр жазулары» (2023ж.) деректі фильмінің таныстырылымы өтті. Аталмыш көрменің ашылу мұрасымына Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.к. Жанымхан Ошан және кіші ғылыми қызметкер Елдос Сауырқан қатысты. 

Жобаның зерттеу тобы мүшелерінің қатарында белгілі түркітанушы және ұйғыртанушы – тарих ғылымдарының докторы, профессор Нәпіл Базылхан, ф.ғ.д, профессор Александр Николаевич Гаркавец, т.ғ.д., профессор Аблет Каюмұлы Камалов, ф.ғ.к, қауымдастырылған профессор Руслан Ұйғұрұлы Арзиев сияқты алыс-жақын шетелге танымал ғалымдар мен мамандар бар.

Көрме 2023 ж. 24 наурызына дейін жалғасады.