Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Орынбор қ. ғылыми іссапар 


Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.к. Ә.К. Шашаев, ғалым хатшы Н.Н. Құрманалина және кіші ғылыми қызметкер В.С. Зікірбаева 2023 жылдың 13-22 ақпан аралығында «ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақстандағы қоғамдық ұйымдардың ағартушылық қызметі» атты гранттық қаржыландыру жобасы бойынша шетелдік іссапарда болып қайтты.

Ғылыми іс-сапардың мақсаты  Орынбор қаласындағы (Ресей Федерациясы) кітапхана және архив қорларындағы зерттеу тақырыбына қатысты материалдарды анықтау, жинақтау, ғылыми ізденістер жүргізу.  

Орынбор облысының біріккен мемлекеттік архивінде (ОГАОО) жоба тақырыбы бойынша төмендегі қорларымен ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіліп, жекелеген істердің қажетті парақтарының фотокөшірмелері жасалды:

1) Ф. Р-5. Уездные исполнительные комитеты советов рабочих, крестьянских, казачьих и красноармейских депутатов (уисполкомы, уики). Бузулукский, Самарский губернии. Ед. хр. 1057. 1917-1928 гг.;

2) Ф. Р-456. Оренбургское губернское управление политико-просветительной и внешкольной работы (губполитпросвет). Ед. хр.138. 1921-1928 гг.;

3) Ф. Р-1299. Центральная библиотека Оренбургского городского отдела народного образования. Ед. хр. 28. 1919-1934 гг.;

4) Ф. Р-450. Отдел народного образования Оренбургского губисполкома (губоно). Ех. хр. 3170. 1918-1928 гг.

Сонымен қатар Н.К. Крупская атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада электронды каталог бойынша  ізденіс жұмыстар жасалып, зерттеу тақырыбына қатысты басылымдар табылды. Нәтижесінде ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдары Қазақстанда құрылған қоғамдық ұйымдар туралы, олардың ағартушылық қызметіне қатысты еңбектер, жекелеген мақалалар анықталып, олардың көшірмелері алынды.