Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«XVIII – XX ғғ. Қазақстан тарихындағы ғылыми терминдер мен ұғымдарды анықтау және біріздендіру» методологиялық семинары


Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтында (бұдан әрі – Институт) 2023 жылғы 15 наурызда «Ежелгі дəуірден бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихы» көптомдық академиялық басылымды дайындау жобасы аясында «XVIII – XX ҒҒ. ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ТЕРМИНДЕР МЕН ҰҒЫМДАРДЫ АНЫҚТАУ ЖƏНЕ БІРІЗДЕНДІРУ» тақырыбында методологиялық онлайн-семинар өткізілді. Семинар жұмысы жаңа дəуірдегі Қазақстан тарихының өзекті мəселелерін зерттеудің негізгі бағыттары, ғылыми принциптер мен əдістемелік тəсілдер, тарихи, топонимикалық жəне антропонимдік терминдерді біріздендіру мəселелеріне арналды.

Семинарды институт директоры, т.ғ.д., профессор З.Е. Қабылдинов ашты. Ол «Ежелгі дəуірден бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихы» көп томдық басылымының 5-томын дайындау бойынша жұмыс барысымен таныстырды. Осы томның жазылуына барлығы 60 автор тартылған, оның 11 –  шетелдік. Сондай-ақ, томды дайындауға жеті бағыт бойынша мамандар қатысатыны атап өтілді. Жалпы, жұмыс күшейтілген тәртіпте жүргізілуде.

Екінші спикер т.ғ.д., К.Ш. Хафизова өз сөзін Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Тарихымызжүйелі,шынайы, ең бастысы, тәуелсіз елдің көзқарасымен жазылуы керек», – деген сөздерінен бастады. Оның пікірінше, қазір біздің авторлар тарихты дербес ел, бүкіладамзаттың толыққанды мүшесі, әлемдік қоғамдастықтың толыққанды мүшесі тұрғысынан жазуы тиіс. Тарихтың бұл кезеңі ерекше саясаттандырылды, Қазақстан жаһандық процестерге тартыла бастады, ел ислам әлемі державаларының мүдделері тұрғысынан жазылған тұстар болды. Жалпы алғанда, оқиғаларды тарихи бағамдау өте күрделі, сондықтан батыс тарихнамасының, оның канондарының және исламның қысымынан құтылу қажет. Сондай-ақ ғылымда қауіпті интуитивті тәкаппарлықты болдырмау үшін шетелдік авторлар да жұмысқа қосылды. Ғалым жаңа заман тарихын жазудағы негізгі мәселелерді қорытындылай келе, академиялық басылым авторларының мәтіндері объективті және тәуелсіз көзқарас тұрғыдан жазылатынына сенімін білдірді.

Институттың жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.к. Г.Ү. Орынбаева терминдер жазу, атаулар мен ұғымдарды біріздендіру (топонимдер, антропонимдер және т. б.) мәселелері бойынша сөз сөйледі.

Іс-шара барысында тарихшы-ғалымдар – Сыдықназаров Мұхит-Ардагер, Әлімбай Нұрсан, Мемлекет тарихы институты директорының м.а. Аяған Бүркітбай, Мұстафина Раушан, Ахметова Ұлжан және т. б. өз пікірлерімен және ұсыныстарымен бөлісті.

Қорытындысында онлайн-семинардың тең модераторы, 5-томның үйлестірушісі, т.ғ.к. Г.А. Шотанова іс-шараның жұмысын қорытындылады. Қаралған барлық мәселелер мен айтылған пікірлерді, авторлық ұжымнан келіп түскен ұсыныстарды міндетті түрде талқыланып, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобасын одан әрі іске асыру жөнінде тиісті шаралар жүргізілетіні туралы шешім қабылданды. Семинар жұмысына институт қызметкерлері, академиялық басылымның 5-том бойынша авторлары, тарихшылар, ғалымдар және т. б. қатысты.

Шотанова Ғ.А., Ш.Ш. Уəлиханов атындағы Тарих жəне этнология институтының ЖҒҚ, т.ғ.к.