Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Польшаның Қазақстандағы елшісі, доктор, профессор Селим Хезбиевич “Польша мен Литва татарларының тарихы” туралы ғылыми семинар өткізді


2023 жылдың 24 наурызында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Ежелгі және ортағасырдағы Қазақстан мен көрші елдер тарихы бөлімінің ұйымдастыруымен Польшаның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, доктор, профессор Селим Хезбиевич “Польша мен Литва татарларының тарихы” туралы ғылыми семинар өткізді.

Директордың ғылым жөніндегі орынбасары, т.ғ.к Тлеубаев Ш.Б. басқарған ғылыми семинарға Институт ғалымдары мен жас мамандары қатысты. Семинарда Алтын Орданың соңғы кезеңдеріндегі Еуропалық татарлардың мәдени және саяси тарихы туралы құнды ақпараттар айтылды. Сондай-ақ бүгінгі Польша және Литва жерінде тұрып жатқан татарлардың рулық құрамы мен этникалық мәдени ерекшеліктері, Еуропалық өркениет пен тарихқа қосқан үлестері туралы қызықты деректермен бөлісті.

Семинарға қатысушы ғалымдар мен жас мамандар Алтын Орда мирасының мұрагеріне айналған Еуропалық татарлар туралы қызықты да маңызды сұрақтар қойды. Әсіресе ондағы татарлардың этникалық құрамы мен рулық тұрпаты, тілдік және мәдени ахуалы ерекше назарға ілікті.

Соңында Институт мамандары Қазақстан мен Польша арасында қалыптасқан мәдени байланыстарды айта келіп алдағы уақытта ғылыми қарым-қатынастардың одан ары жалғасын табуына және ғылыми-практикалық конференциялар мен оқу бағдарламаларын көптеп өткізуге, білікті ғалымдар арасында ортағысыр кезеңі мен Алтын Орда дәуіріне байланысты ортақ кеңес өткізуге, сонымен бірге ғылыми мақалаларды жариялауға өтініш тілектерін білдірді.