Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Алтын Орда тарихы: бір ғалымның жеке көзқарасы» методологиялық семинары


2023 ж. 30 наурызында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты «Алтын Орда тарихы: бір ғалымның жеке көзқарасы» тақырыбында кезекті әдіснамалық семинарын өткізді.

Негізгі баяндамашы ретінде Назарбаев Университетінің (Астана, Қазақстан) қазақ тілі және түркология кафедрасының профессоры және меңгерушісі, Еуразиялық зерттеулер саласындағы PhD, Висконсин-Мэдисон университетінің құрметті профессоры, Татарстан Республикасы Ғылым Академиясының шетелдік мүшесі Юлай Шамильоглу сөз сөйледі. Семинар жұмысына Қазақстан мен шет елдердің ғылыми қоғамдастығының 50-ден астам өкілі қатысты.

Спикер Алтын Ордаға байланысты мифтер, мемлекеттің тайпалық құрамы, оның тарихын кезеңге бөлу, әлеуметтік-саяси, экономикалық жүйелер сияқты мәселелерге тоқталды. Моңғол империясына экономика тұрғысынан ерекше назар аударылды. Ю. Шамильоғлы Алтын Орда тарихындағы сауданың рөлін қайта қарау қажеттігін атап өтіп, сауда жолдарын қорғау, көшпенділік, ауыл шаруашылығы экономикасынан кету, сауда маршруттары (Жерорта теңізі аймағына дейін) сияқты мәселелерге ерекше назар аударды.

Сондай-ақ мемлекеттің өркениеттік аспектілері, яғни империя тілі мен ислам Түркі өркениеті айналасындағы мемлекетті зерттеу тақырыптары қарастырылды.

Алтын Орда тарихы да жаңа көзқарастар тұрғысынан көрсетілді: індеттердің тарихы, олардың мемлекеттің дамуы мен тарихи тұрғыдан даму барысына және климаттың өзгеруінің мемлекет тарихына әсері баяндалды. Баяндамада қарастырылған басқа мәселелердің қатарында мемлекеттің ішкі дамуы (демографиялық өзгерістер, ішкі шаруашылықтың аспектілері), сондай-ақ мұсылман зерттеушілерінің еңбектеріндегі Алтын Орда тарихы, «Кейінгі Алтын Ордаға» өту кезеңі де бар.