АҚПАРАТТЫҚ ХАТ


Құрметті әріптестер!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институты Сіздерді 2023 жылы 14 сәуірде оффлайн-режимде және қашықтан ZOOM платформасында өтетін«Қазақстан тарихы» академиялық басылымының 7-томына арналған «Қазіргі әлемдегі Қазақстан: тарихи жолды саралау» тақырыбындағы конференцияға қатысуға шақырады. Конференцияның басталуы сағат 11:00-де.

Конференцияның мақсаты – Қазақстан тарихын зерделеудің өзекті мәселелерін қарастыру,  ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттарын ашу.

Негізгі секциялар:

  1. Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан тарихы: зерделеудің жаңаша тұрғысы.
  2. Қазақстанның тарих ғылымы: қазіргі жағдайы және даму болашағы.
  3. Жаһандану жағдайындағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелері.

Талқылауға ұсынылатын мәселелер:

– Қазақстан тарихын жетілдіру бойынша өзекті ұсыныстарды қарастыру;

– Білім беру мекемелерінде Қазақстан тарихын оқытуды жетілдіру: мәселелері және оларды шешу жолдары;

– Жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, ғылым сабақтастығы;

Конференцияға қатысуға ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушылары, сарапшылар, саясаттанушылар, мұрағат, мұражайлар мен кітапхана қызметкерлері, PhD докторанттар, магистранттар, өлкетанушылар шақырылады.

Конференция нәтижесінде ғылыми жинақ шығарылады.

Конференция тілі: қазақ, орыс.

МАТЕРИАЛДАРДЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР. Баяндаманың редактордағы мәтіні Microsoft Word; шрифт «Times New Roman»; автордың аты-жөні\-қою қаріппен; ғылыми атағы, дәрежесі, қала, мекеме жоғарғы оң жақ бұрышқа курсивпен жазылады; мақаланың атауы бас әріптермен қалың қаріппен ортасына жазылады; негізгі мәтіні – ені бойынша тураланады; 14 қаріп; жоларалық интервал 1; дереккөздерге сілтемелер мақаланың ішінде тік жақшада беріледі. [1, 105]. Әдебиеттер мен дереккөздер мақаланың соңында келтіріледі. Мақала көлемі 6-8 бетке дейін, тезис 3-4 бетке дейін.

Өтінімдерді қабылдау: 2023 жылдың 1 мамырына дейін.

Мақалалар мен тезистерді қабылдау: 2023 жылдың 1 мамырына дейін.

Электронды адрес: tarih_institut@mail.ru


 
ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ

Аты-жөні (толық) 
Жұмыс орны (оқу орны), лауазымы (курс) 
Ғылыми атағы, дәрежесі 
Мекен-жайы мен телефон нөмірі 
e-mail: 
  Секция 
Баяндама тақырыбы 

Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына немесе қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін материалдарды қабылдамауға құқылы.