2023 жылғы 14 сәуір күні ҚР Президенті архивінде 1993 ж. 14 сәуірдегі «Жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» ҚР Заңының қабылданғанына 30 жыл толуына орай «Қазақстандағы ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтаудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Шараны ҚР Президенті Архивінің директоры Ә.Қ. Мустафина кіріспе сөзімен ашты, іс-шараның модераторы қызметін Архивтің ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерттеу орталығының жетекшісі Г.Р. Нұрымбетова атқарды.
Алғашқы баяндаманы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының атынан бас ғылыми қызметкер, т.ғ.к. Қ.С. Алдажұманов «1937 ж. Қазақстандағы ашық сот процестері» тақырыбында жасады.
Бірнеше өңірлерде өткізілген ашық сот процестеріндегі көзбояушылықтың орын алғандығы, талай азаматтардың өктем саясаттың құрбанына айналғандығы туралы ақпараттар берілді.
Негізгі баяндамашылар қатарында Б.Ж. Кабдушев, Г.Р. Нұрымбетова, Т.С. Култаев, М.Ш. Губайдуллина және Г.З. Асилханова болды.
Шараға архив ұжымы және саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия мүшелері, ғылыми-зерттеу институттарының мамандары, ЖОО профессор-оқытушылары, Атырау және Алматы облыстық мемлекеттік архивтерінің өкілдері қатысты.