Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті


Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

ҚАЗАҚ ЕСКЕРТКІШТАНУЫ БОЙЫНША ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУЫ

Ақпараттық хат

2023 жылдың 27 сәуірі күні ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты ресми 2022 ж. 27 қыркүйек айында құрылған«Қазақ ескерткіштануы бойынша ғылыми-зерттеу орталығының»салтанатты ашылу рәсімін  өткізеді. Орталықтың құрылуы қазіргі Қазақстан үшін ескерткіштанудың өзекті ғылыми-тәжірибелік бағытының маңызды рөлін көрсетеді; академиялық ғалымдардың – этноархеологтар, этнологтар және т.б. далалық зерттеу жұмыстары саласында, ғылыми тұжырымдамалары мен осы пәнді институтцияландыруы; сондай-ақ, Ұлттық Ғылым Академиясының (соғыстан кейінгі Архитектура және құрлыс Институты) жүйесіндегі ескерткіштану дәстүрі іспетті арнайы мақсатты жасалған іргелі еңбектерінің жалғасы болып табылады.

Қазақстанда 150 мыңнан аса еліміздің өткенін тануға, сан алуан мәдениетін білуге таусылмас дерек көзі болатын тарихи-мәдени, көркемдік маңызға ие ескерткіштер бар, олар маңызды идеологиялық, насихаттық, экономикалық  маңызға ие және қазіргі қазақстандық қоғам өмірінде де маңызды болып табылады. Кең байтақ далада тарыдай шашылған көне құрылыстар мен кешендердің маңыздылығы қазіргі күнгі геосаяси тұрғыдан қиын-қыстау кезеңде тіптен арта түспек, өйткені олар территориялық тұтастықтың, мемлекет тәуелсіздігінің негізі болатын тарихи-мәдени іргетасы болып табылады. Баса айтар болсақ, еліміздің негізгі территориясында (Сарыарқа, Арал-Каспий, Жетісу) орналасқан «далалық аймақ ескерткіштері», негізінен қазақ тарихы мен мәдениетіне тікелей қатысы бар: көптеген мемориалды-культтік кешендер, мал шаруашылығы қоныстарының қалдықтары, тасқа қашалған эпиграфикалық ескерткіштер, көне құдықтар және т.б. ескерткіштер аса маңызды рөлге ие. Қазіргі таңда тез бұзылып, жоғалып жатқан бірегей ескерткіштерді кешенді зерттеу, атрибуция, қорғау, қайта қалпына келтіру, сақтау және ары қарай пайдалану жалпы мемлекеттік маңызы бар міндет.

Мәдениетімізбен ғылымымыз үшін аса маңызды болып табылатын ескерткіштану бағыты/пәні соның ішінде соңғы ғасырларға тиесілі ескерткіштерді кешенді зерттеу, қорғау мен пайдалануға бағытталған, ескерткіштанудың негізгі саласы болып табылатын «қазақ (этнографиялық) ескерткіштануы» соңғы уақыттарда арнайы дамуға ие болды. Академиялық Тарих және этнология институты жанынан «Қазақ ескерткіштануы бойынша ҒЗО» құру толықтай зерттеу жұмысы, ғылыми-теориялық, әдістемелік, ғылыми-ұйымдастырудың осы сала бойынша негіздерін бірінші кезекте мамандардың: этноархеологтар, этнологтар, архитекторлар, реставраторлар, археологтар, өнертанушылар және т.б. тығыз қатынасуы нәтижесінде  жасау қарастырылған. Академиялық ескерткіштанушылар қызыметінің басты бағыты далалық зерттеулер және жиынтық еңбектерді дайындау, ғылыми-зерттеу жобаларын дайындау, сонымен қоса экспедициялық зерттеу материалдарын архивациялау болып табылады. Басты маңызға ие болатын Қазақстандағы ескерткіштану пәнін/ғылымын дамыту бойынша ынтымақтастықта жұмыс істеу: қазақ ескерткіштануы бойынша Симпозиумдарды жүйелі өткізу, салааралық ұжымдық еңбектерді, Қазақстан ескерткіштануы бойынша журналды шығару, ескерткіштанушылар Ассоциациясын құру және т.б. ТжЭИ Ескерткіштану орталығы ұжымы қазіргі уақытта «Қазақстанның далалық аймағы мен диаспоралары өңірлеріндегі ескерткіштерге далалық зерттеудің әдістемелері» (ғылыми жетекші т.ғ.д., Шығыс елдерінің Халықаралық академиясының корреспондент-мүшесі С.Е. Әжіғали) атты жобамен жұмыс жасауда. 

Айрықша ғылыми бөлім – Қазақ ескерткіштануы бойынша ғылыми-зерттеу орталығыныңсалтанатты ашылу рәсіміне қызығушылық танытқан барша мамандарды шақырамыз.

Салтанатты ашылу рәсімі 2023 жылдың 27 сәуірі күні сағат 14.30-да Шевченко қ., 28 мекенжайы бойынша Ұлттық Ғылым академиясы ғимараты /«Ғылым Ордасы» ғимаратында (3-ші қабатта, 305 каб. және фойеде: Орталық кабинетінің ашылуы және плакаттар көрмесімен таныстырылым). 

Салтанатты жиынның негізгі бөлімі сағат 15-00-де конференц-залда (3-ші қабат оң жақ қанатта): «Қазақстан ескерткіштануы: ХХ -ХХІ ғ. басы (өзекті ғылыми-тәжірибелік пән ретінде қалыптасуы) атты кітап көрмесі және конференция (қатысушылардың сөз сөйлеуі).

Өткізу формасы: Іс-шара онлайн форматта Zoom платформасы арқылы өткізіледі конференция идентификаторы: 810 6855 9184, кіру коды: 869773); подключиться к конференции Zoom: https://us02web.zoom.us/j/81068559184?pwd=UzM1VUx5bklYMXdwQUJWbTVsUkdtUT09.

Модераторлар: ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы ТжЭИ дир. т.ғ.д., ҚР ҰҒА корр. мүшесі З.Е. Қабулдинов; Қазақ ескерткіштануы ҒЗО ғылыми жет., т.ғ.д., ҚР ҰҒА құрметті академигі С.Е. Әжіғали.

Презентация бағдарламасы жақын арада қосымша жіберілетін болады. 

ҚР БҒМ ҒК ТжЭИ әкімшілігі,

Қазақ ескерткіштануы ҒЗО ұжымы