Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЕСКЕРТКІШТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ


2023 жылдың 27 сәуірі күні ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты ресми 2022 ж. 27 қыркүйек айында құрылған «Қазақ ескерткіштануы бойынша ғылыми-зерттеу орталығының» салтанатты ашылу рәсімін өткізді. Орталықтың құрылуы қазіргі Қазақстан үшін ескерткіштанудың өзекті ғылыми-тәжірибелік бағытының маңызды рөлін көрсетеді; академиялық ғалымдардың – этноархеологтар, этнологтар және т.б. далалық зерттеу жұмыстары саласында, ғылыми тұжырымдамалары мен осы пәнді институтцияландыруы; сондай-ақ, Ұлттық Ғылым Академиясының (соғыстан кейінгі Архитектура және құрлыс Институты) жүйесіндегі ескерткіштану дәстүрі іспетті арнайы мақсатты жасалған іргелі еңбектерінің жалғасы болып табылады.

Қазақстанда 150 мыңнан аса еліміздің өткенін тануға, сан алуан мәдениетін білуге таусылмас дерек көзі болатын тарихи-мәдени, көркемдік маңызға ие ескерткіштер бар, олар маңызды идеологиялық, насихаттық, экономикалық  маңызға ие және қазіргі қазақстандық қоғам өмірінде де маңызды болып табылады; қазіргі қазақстандық қоғам өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Бұл мәселе қазір қарқынды жойылып бара жатқан бірегей ескерткіштерді кешенді зерттеу, атрибуциялау, қорғау, қалпына келтіру, консервациялау және одан әрі пайдалану – жалпымемлекеттік маңызы бар аса маңызды міндет болып табылады. Бұл маңызды міндетті жүзеге асыруға көрнекті ғалым – этнолог және археолог, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Шығыс елдерінің халықаралық Сәулет академиясының корреспондент-мүшесі, ҚР ҰҒА-ның Құрметті академигі, «Парасат» орденінің иегері Серік Ескендірұлы Әжіғалидің жетекшілігімен құрылған Қазақ Ескерткіштану орталығы күш салады.

Тұсаукесерге және кейінгі өткен конференцияға 40тан астам отандық және шетелдік маман-этнологтар, тарихшылар, археологтар, сәулетшілер, ескерткіштанушылар, мәдениеттанушылар, музейтанушылар және т.б. қатысты. Тұсаукесер аясында Институтта қазақ Ескерткіштану мәселелері ҒЗО кабинетінің ашылуы, С.Е. Әжіғалидің еңбектерін қамтитын «Қазақстандағы қазіргі заманғы ескерткіштанудың даму кезеңдері» тақырыбы бойынша «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы ұйымдастырған еңбектер көрмесі өтті, сондай-ақ келесі тақырыптар бойынша плакаттардың авторлық көрмесі таныстырылды:

1. «Хан моласы қорымын кешенді зерттеу: Әбілқайыр ханның қабірі қалай табылды». «Комплексное исследование некрополя Хан моласы: как была найдена могила Абулхаир-хана».

2. «Батыс Қазақстан (Доңызтау) кешенді этноархеологиялық экспедициясының ізденістері: 2019-2020 жж». «Изыскания Западно-Казахстанской (Донызтауской) комплексной этноархеологической экспедиции: 2019 – 2020 гг.».

ҒЗО басшысы С.Е. Әжіғали көрмелерге экскурсия жүргізіп, салтанатты іс-шара қонақтарына «Қазақ Ескерткіштануының» өзекті міндеттері туралы» баяндамасын жасады.

Конференция модераторы – Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының (бұдан әрі – ҰҒА) корреспондент-мүшесі Зиябек Ермұханұлы Қабульдинов Институтта қазақ Ескерткіштану орталығын құрудың маңыздылығы туралы айтып өтті.

Конференцияда Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының Тарихи материалдарды зерделеу жөніндегі республикалық орталығының директоры ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор М.Қ. Әбусейітова, тарихшы-ескерткіштанушы, белгілі қоғам қайраткері және Қазақстанның мәдениет қайраткері М. К. Семби құттықтау сөздерін сөйлеп, сонымен қатар өз сөзәнде «Қазрестарация» РМК Ғылыми-зерттеу филиалы және жобалау  филиалының директоры Б.Б. Мыржиев жаңадан құрылған Ескерткіштану орталығымен тығыз ынтымақтастық орнатуды ұсынды. ЖОО-ның жұртшылығы тарапынан Әл-Фараби ат. Қазақ Ұлттық Университеті тарих факультетінің археология, этнология және музеология кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы, доцент м.а. Р.С. Жұматаев, тарих ғылымдарының докторы, профессор Б.Қ. Қалшабаева, тарих ғылымдарының кандидаты Т.Е. Картаева және т. б. қатысты. Р.С. Жұматаев маңызды ғылыми бағытты нығайтуда Ескерткіштану кадрларын даярлау ісіне академиялық бөлім және кафедраны біріктіру қажеттігі туралы айтып өтті.

Іс-шараға қатысқандар қатарында: сәулет докторы, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының (ҚазБСҚА) профессоры Г.С. Абдрасылова, Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтындағы этнолог-әріптестер – этнология және антропология бөлімінің меңгерушісі А.Т. Абдулина, этнология және антропология бөлімінің бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Н. Әлімбай болды. Тарих ғылымдарының докторы, профессор А.У. Тоқтабай Өзбекстан, Қырғызстан және т.б. аумақтардағы қазақ ескерткіштеріне жүргізген зерттеулерінің нәтижелерін атап өтті. Іс-шара аясында өнертану кандидаты, профессор, ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР Суретшілер және дизайнерлер Одағының мүшесі Құрман Қалиұлы Мұратаев қазақ ескерткіштері мәселелерінің ҒЗО-на өзінің жаңа кітаптарын сыйға тартты.