Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ


ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ

Ш.Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ

«ҒЫЛЫМ ОРДАСЫ» ШЖҚ РМК

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ (екінші)

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР, 2023 жылдың 16 мамырына жоспарланған конференция 26 мамырға ауыстырылды.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты  ҚР-ның еңбек сіңірген қызметкері, белгілі тарихшы ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты Төлтай Балақайұлы Балақаевтың туғанына 100 жыл толуына орай, 2023 жылдың 26мамырына жоспарланған «ХХ ғ.Отан тарихы және Қазақстан тарихшылары: мәселелері, ғылыми мұралары және қазіргі ұстанымдар»атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады.

Конференция офлайн және онлайн форматта Zoom платформасы арқылы өткізіледі: https://us02web.zoom.us/j/85177727414?pwd=c1NLVjFRK041cC9MOWN6clZyenc5QT09 

Конференция идентификаторы: 851 7772 7414

Кіру коды: 530146 

Конференцияның мақсаты–  ХХ ғ. Қазақстан тарихының мәселелерін жаңа әдіснамалық тұрғыдан қарастыру; Қазақстан тарихын зерттеудің басымдық бағыттарын айқындау; құпиясыздандырылған архивтік құжаттар мен материалдар тұрғысынан отандық тарих мәселелерін қайта қарастыру; кеңестік кезеңдегі қазақстандық тарихшылардың еңбектерінің қазіргі кезеңдегі рөлі мен маңызын айқындау.

Төлтай Балақаев1923 жылы 13 сәуірде Семей облысының Абралы ауданында (қазіргі Абай облысының Абай ауданы) дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына қатысушы, ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, 22 медальмен, оның ішінде «Елді қорғаудағы жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталған. 300 – ші атқыштар дивизиясының 1049 полкінің құрамында Сталинград, Дон және Дондағы Батыс Ростовты қорғап, ауыр шайқастарға қатысты.

1944 жылы Балақаев ҚазМУ-дың тарих факультетіне оқуға түсті (қазіргі әл-Фараби ат.ҚазҰУ), оны 1949 жылы бітірді. 1949-56 жылдары- кіші, ҚКП ОК жанындағы партия тарихы институтының аға ғылыми қызметкері, осы институттың аспирантурасын бітіріп, 1956 жылы кандидаттық диссертациясын қорғады.1956 жылы қарашада ҚазКСР ҒА тарих, археология және этнография институтына шақырылды, 1956-59 жылдары ғылыми хатшы, аға ғылыми қызметкер, 1968-85 жылдары бөлім меңгерушісі қызметін атқарды.1972 жылы «Колхозное крестьянство Казахстана в годы Великой Отечественной войны 1941-1945 гг.» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғап, тарих ғылымдарының докторы дәрежесін алды, 1979 жылы профессор атағы берілді.

Т.Б. Балакаевтың ғылыми зерттеулері Ұлы Отан соғысының әртүрлі аспектілеріне арналған: Қазақстанның әскери экономикасындағы рөлі мен орны, республика еңбекшілерінің соғыстағы жеңіске қосқан үлесі.Оның «Колхозное крестьянство Казахстана в годы Великой Отечественной войны (1941-1945 гг.)» еңбегі Ш.Ш. Уәлиханов сыйлығына ие болды.Сондай-ақіргелібасылымдарға қатысты: 5 томдық «История Казахской ССР»; «Казахстан в Великой Отечественной войне» 2 шығарылымдағы очерктер; «Великая победа советского народа»және т.б.Т.Б. Балақаев ҚазКСР ҒА Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтында бірнеше жыл бойы ҰОС тарих бөлімінің меңгерушісі болды.

Т.Б. Балақаевтың ғылыми жетекшілігімен 15 кандидат, 1 ғылым докторы, оның ішінде белгілі ғалымдар, Қазақстан Республикасының қоғамдық, саяси және әскери қайраткерлері дайындалды.

Ғалымның негізгі еңбектері: Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында (1970); Совет халқының Ұлы жеңiсi (1978); Историография Казахстана периода Великой Отечественной войны // Актуальные проблемы истории Советского Казахстана (Қ.С. Алдажұмановпен бірлескен).  (1980); «Қазақстан еңбекшілері майдан қызметінде (1941-1945 жж.)» (1985 ж., 320 б. Қ.С. Алдажұмановпен бірлескен)және т.б.

Конференцияның негізгі жұмысбағыттары:

– Т.Б. Балақаев және оның ХХ ғасырдың Отан тарихын зерттеуге қосқан үлесі;

– Екінші дүниежүзілік және Ұлы Отан соғысындағы Қазақстанның рөлі мен орны жаңа методологиялық тұрғыдан; 

– Соғыс майдандарындағы Қазақстанның ұлттық әскери құрамалары;

– Еңбек армиясы: жаңа аспектілер;

– ХХ ғ. Қазақстан тарихының методологиялық мәселелері: жаңа ұстанымдар;

– Қазақстанның әскери тарихы: қалыптасу және даму тарихы;

– Қазақстанның аграрлық тарихы: мәселелері мен міндеттері;

– ХХ ғасырдағы қазақ ауылының күнделікті тарихы;

– Қазақ ауылының трагедиясы – 1920-1930 жж. аштық және оның салдары;

– Қазақстандағы ғылым, мәдениет және білім: жетістіктері мен мәселелері;

Өткізілетін орны: 050100, Алматы қ., Шевченко көшесі 28, «Ғылым ордасы» ШЖҚ РМК-ның Орталық ғылыми кітапханасы, 3-ші қабат, конференц-зал.

Конференцияныңбасталуы – сағ. 10:00, қатысушыларды тіркеу – 09:30-дан.

Ұйымдастыру комитетінің байланыс телефондары:тел.: +7(727) 261-67-19, 272-68-46, +7702-932-33-33 – А. Досқараева, е-mail: kazhistory@bk.ru; doskaraeva@gmail.com.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс.

Конференция жұмысына қатысу үшін өтінімдеріңізді 2023 жылдың 10мамырына дейін мына эл.пошталарға жіберулеріңізді өтінеміз: е-mail.:kazhistory@bk.ru; doskaraeva@gmail.com.

Конференцияның қорытындылары бойынша конференция материалдарының электрондық жинағын шығару жоспарлануда, материалдарды қабылдау мерзімі – 2023 жылдың20мамырынадейін.

Конференцияға қатысушылардың іссапар шығындары жіберуші ұйымның есебінен

Материалдарды рәсімдеу талаптары: Microsoft Word редакторында көлемі 8 бетке дейін, шрифт – Times New Roman, кегль – 14, жол аралығы – бір;  азат жолы – 15 мм, азат жолы шегінісі автоматты түрде орнатылады; жиектері: үстіңгі және төмеңгі – 20 мм, сол жағы – 30 мм, оң жағы – 15 мм;  автордың аты-жөні, ұйымның атауы – оң жақтағы бұрышта; баяндама атауы бас әріптермен төменде ортасында орналастырылады, қала, мемлекет. Ғылыми дереккөздерге сілтемелер мәтінде айтылу реті бойынша тік жақшада реттік нөмірмен мақаланың соңындағы пайдаланылған әдебиеттер тізіміне сәйкес көрсетілуі керек (мысалы, [1, 17-б.]). Ұйымдастыру комитеті конференцияның тақырыбына немесе қойылған талаптарға сәйкес келмейтін материалдарды қабылдамауға құқылы.

ҚАТЫСУ ҮШІН ӨТІНІМ

Аты-жөні (толық)

Ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы):

Жұмыс орны, ұйымның толық атауы:

Қызметі:

Байланыс телефондары, факс.:

Е-mail.:

Баяндаманың атауы:

Құрметпен, ұйымдастыру комитеті