Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

ПОЛЬША МЕН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖҮЙЕЛІ ӨЗГЕРІСТЕР ПРОЦЕСТЕРІНДЕГІ 1791 ЖЫЛҒЫ 3 МАМЫР КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ РӨЛІ ПІКІРСАЙЫСТАРЫ


2023 жылғы 3 мамырда Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында «1791 жылғы 3 мамырдағы Польша мен Қазақстандағы жүйелі өзгерістер процестері үшін Конституцияның рөлі мен маңызы» тақырыбында конференция түрінде Халықаралық ғылыми пікірталастар ұйымдастырылды.

Конференцияның мақсаты – Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры З.Е. Қабылдинов атап өткендей, 1791 жылғы 3 мамырда Речь Посполита мемлекетінде қабылданған Еуропадағы алғашқы прогрессивті Конституцияға назар аудару болды.

Бүгінгі күнге дейін жыл сайын 3 мамырда Польшада маңызды мемлекеттік мереке – Үшінші мамыр ұлттық мерекесі атап өтіледі (Świöto Narodowe Trzeciego Maja), 1791 жылғы ел Конституциясының қабылдануының мерейтойына арналған 3 мамырдағы Конституция мерекесі деп те атайды.

Іс – шараға Польша Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы – Юзеф Тымановский, сондай-ақ Литва Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы – Гвидас Керушаускас қатысты.

Литва Республикасы Тарих институтының және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессорлары 3 мамырда Польшадағы саяси трансформация процестерінің – Конституцияның және жалпы оның тарихи маңыздылығының, сондай-ақ әлемнің болашағына ықпалы жөніндегі тақырыптарын қозғап, жеке баяндамалар жасады.

Польша Республикасының Алматыдағы Бас консулы Юзеф Тымановский пікірталастың жалпы идеясы ең алдымен 3 мамырдағы Конституцияның Еуропа үшін ғана емес, әлемнің барлық мемлекеттері үшін маңызын атап өту екенін айтты. «3 мамырдағы Конституция идеясы демократиялық үдерістер, демократияны орнату үшін өте маңызды болды. Ал қазіргі әлемде демократия өте маңызды, біз Қазақстандағы көптеген азаматтардың, сондай-ақ мұғалімдердің үшінші мамырдағы Конституциямен танысуын қалаймыз», – деп бөлісті Польша Республикасының Алматыдағы консулы.

Петр Боронь – Алматы қаласындағы № 23 мектеп-гимназиясының поляк тілінің мұғалімі: «Мені бұл конференцияға шақырған кезде не айтарыма күмәнім болды, өйткені мұнда профессорлар және ғалымдар сөз сөйлейді, мен мұғаліммін және бұрын бұл тақырыппен айналыспағанмын», – деді. Әрі қарай ол мемлекеттің осы Негізгі заңының тек Польша үшін ғана емес, Литва үшін де маңызы туралы өз пікірімен бөлісті. Петр мырза адамдардың көпшілігі 3 мамырдағы Конституцияны тек поляктардікі деп санайды, бірақ ол шәкірттерін оның поляк және литвалық екеніне сендіреді.Баяндамашы сондай-ақ осы тарихи құжатты қабылдаумен байланысты тақырыптарды оқытудағы кәсіби-педагогикалық тәжірибесі туралы айтып берді. Ол бұл заңнама Батыс Еуропадағы алғашқы Конституция екенін мақтан тұтатынын атап өтті.

Пікірсайыстың барлық қонақтарына, оның ішінде қонақ ретінде келген және талқылауға қатысқан № 23 мектеп-гимназиясының оқушыларына жарыссөздерден кейін Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты дайындаған кітаптар: «Солтүстік Қазақстан облысындағы поляк арнайы қоныстанушылары» құжаттар жинағы және З.Е. Қабылдиновтың «History of Astana» ағылшын тіліндегі монографиясы сыйға тартылды.