Мемлекеттік комиссияның Жобалық кеңсесінің басшысы С.А. Қасымов саяси қуғын-сүргінге қатысты тың деректерді жинақтау мақсатында аудандық архивтерде іссапарда жүр. 2023 ж. 5 мамыр күні Ақмола облысы Сандықтау аудандық архивінде саяси қуғын-сүргін жылдарынан сыр шертетін құжаттарды қарауда. Архив қорлары мен аудандық комиссиялардың материалдарын зерделеуде. Ауылдық, аудандық округтар берген тізім арқылы саяси қуғын-сүргінге ұшыраған байлар, кулактар, орташалар, дін өкілдері және өзге де қудаланған адамдар мұқият іздестірілуде.
Архив директоры Г.И. Виноградова бастаған архив ұжымы Жобалық кеңсе басшысы С.А. Қасымовқа, сонымен қатар Ақмола өңірлік комиссиясының өкілдері Е.Б. Нугуманов, М.З. Утегенов, А.Т. Бексеитова, К.Ж. Узакпаева сынды тарихшы ғалымдарға саяси қуғын-сүргіннен сыр шертетін архив істерін зерделеуге қолғабыс беруде.