Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ


Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ АКАДЕМИЯСЫ

Ақпараттық хат

Құрметті әріптестер!

Халықаралық түркі академиясы және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты Сіздерді «Түркі дәуіріндегі мемлекеттіліктің даму ерекшеліктері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады. Конференция 2023 жылдың 15 мамырында сағат 15.00 де Zoom платформасында өтеді.

Конференция Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Ғылым комитетінің бағдарламалық мақсатты жобасы бойынша жүзеге асырылып жатқан «Түркі қағанаттары кезеңіндегі Қазақстан тарихы (VI ғасыр – XIII ғ. басы)» 2-томының академиялық басылымы аясында жүзеге асырылады.

Ұлы Дала тарихындағы түркі кезеңі автохтондық және өзіндік, рухани және материалдық мәдениетті, сонымен бірге шаруашылық-мәдени типті қамтитын жазудың бай мұрасына негізделген біртұтас тарихи-мәдени кешен қалыптастырды.

Дала мемлекеттілігі мәселелерін жан-жақты әрі кешенді талқылау, Түркі қағанаттарының тарихын танудың тұжырымдамалық тәсілдері, ғылыми байланыстарды нығайту және пікір алмасу түркі дәуіріндегі Қазақстан тарихы туралы ортақ түсінік қалыптастыруға ықпал етеді.

Конференцияға келесі бағыттар ұсынылады:

– Көшпелілер мемлекеттілігінің дамуының ерекшеліктері.

– Түрік қағанаттарындағы жоғарғы билік пен басқару аппараты.

– Мемлекеттіліктің дамуындағы рулық жүйе.

– Түрік қағанаттарындағы құқық, сот және заң мәселелері.

– Көшпелі қоғамдағы мүліктік және әлеуметтік теңсіздік.

– Шаруашылық-мәдени түрлері.

Конференцияға қатысу шарттары:

Баяндама тақырыбын 2023 жылдың 12 мамырына дейін ұйымдастыру комитетінің электрондық мекенжайына жіберіңіз.

Сондай-ақ өтініш формасын толтырып, келесі электрондық пошта мекен-жайларына жіберу қажет: napilbaz@gmail.com,  torlanbayeva@mail.ru 

Өтінішті тіркеу формасы

Тегі 
Аты 
Әкесінің аты 
Мемлекеті, қаласы 
Ғылыми дәрежесі 
Ғылыми атағы 
Ұйымы 
Қызметі 
Байланыс телефондары
Электрондық поштасы 
Баяндаманың тақырыбы 

Регламент: 7-10 минут.

Жұмыс тілі: қазақ, түрік, орыс, ағылшын.

Өтінім беру мерзімі: 2023 жыл, 12 мамыр.

Өтетін орны: Астана, Алматы, Zoom платформасы.

Талқылау уақыты мен күні: 2023 жылғы 15 мамыр, сағат 15.00 (Астана уақыты).

Zoom кездесуіне қосылыңыз:

https://us02web.zoom.us/j/89446084788?pwd=YWx6blYvNyt0U2RhdzZWYW5SVFhTZz09

Конференция идентификаторы:

894 4608 4788

Кіру коды:

999323