Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

БЕЛГІЛІ ҒАЛЫМ-ТАРИХШЫ ТӨЛТАЙ БАЛАҚАЕВТЫҢ ТУҒАНЫНА 100 ЖЫЛ: «ХХ ҒАСЫРДЫҢ ОТАНДЫҚ ТАРИХЫ: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ЖАҢА ҰСТАНЫМДАР» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ


2023 жылғы 26 мамырда ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты (бұдан әрі-Институт) белгілі ғалым-тарихшы, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР еңбек сіңірген қызметкері, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты Төлтай Балақайұлы Балақаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған «ХХ ғ. Отан тарихы және Қазақстан тарихшылары: мәселелері, ғылыми мұралары және қазіргі ұстанымдар» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.

Конференцияға мерейтой иесінің туыстары –ф.ғ.д., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ информатика кафедрасының профессоры Балақаева Г.Т., сондай-ақ шетелдік әріптестер – Ресей Ғылым Академиясының Шығыстану институты Қытай бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері,  т.ғ.д., Наземцева Елена Николаевна, Эрланген-Нюрнберг (Universität Erlangen Nürnberg) университетінің аға ғылыми қызметкері, т.ғ.д., Марк Юнге, Тюмень мемлекеттік университетінің «Ежелгі әлем және орта ғасырлар тарихы» кафедрасының профессоры, т.ғ.д., Ярков Александр Павлович  қатысты.

Институт тарихшылары конференция қатысушыларына құттықтау сөз сөйлеп, бағдарлама бойынша баяндамалар жасады.

Конференцияда Төлтай Балақаевтың ХХ ғасырдың Отандық тарихын зерттеуге қосқан үлесі, Қазақстанның екінші дүниежүзілік және Ұлы Отан соғысындағы рөлі мен орны, қазақтардың ұлттық әскери құралымдарының тарихы жаңа әдіснамалық тұрғыдан қаралды, сондай-ақ Қазақстанды ұзақ жылдар басқарған мемлекет қайраткері Д.А. Қонаевтың қызметі, аграрлық тарих, мәдениет пен білім беру, қазақ зиялыларының ағартушылық қызметі, қазақстандық босқындардың мәселелері талқыланды.

Әбілхожин Жұлдызбек Бекмұхамедұлы Институттың бұрынғы директоры Т.Б. Балақаев туралы ойымен бөлісті:

«Т.Б. Балақаев 1956 жылы біздің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында жұмыс істей бастады, оған дейін Партия тарихы институтында (филиалында) жұмыс істеген. Келген соң ғылыми хатшы, кейін кафедра меңгерушісі болды. 1985 жылдан біздің Институт директорының ғылым жөніндегі орынбасары қызметінде болды.

Оның жұмыстары керемет! Оны негізінен Қазақстанның Ұлы Отан соғысының тарихы қызықтырды. 1971 жылы «Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстанның колхоздық шаруалары» деген атпен тамаша монография шықты.

Өкінішке орай, қазір көптеген жас зерттеушілер біздің алдыңғыларымыздың еңбектерін елеусіз қалдырады. Керемет туындылар бар. Тұлға ретінде ол өте қарапайым және әдепті еді.

Майдандағы жауынгер. Ол ешқашан соғыс туралы айтқан емес. Біздің институттың бұл конференцияны өткізуі кездейсоқ емес, бірақ Ресей Федерациясы мен Германия Федеративтік Республикасының кейбір зерттеушілері қатысып отыр…».