Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«ХХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН МЕН ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ТАРИХЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР МӘСЕЛЕЛЕРІ», ҚЫЗЫЛЖАР


2023 жылдың 30 мамырында Петропавл қаласында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында туған халқының жарқын болашағы үшін өз өмірін қиған көрнекті тұлғалар Мағжан Жұмабаев пен Смағұл Сәдуақасовты Солтүстік Қазақстан облысының орталығында, Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты (ЖТН АР09261139) «Смағұл Сәдуақасұлының мемлекеттік, қоғамдық және ғылыми-педагогикалық қызметі (жаңа архив және жазба деректер негізінде)» ғылыми-зерттеу жобасын жүзеге асыру аясында «ХХ ғасырдағы Қазақстан мен Орталық Азия тарихындағы Ұлттық құндылықтар мәселелері» тақырыбында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Ғылыми іс-шараны Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен және СҚО Мемлекеттік архивімен бірлесіп ұйымдастырды.

Смағұл айтқандай, «Бүгінгі күнсіз ертеңгі күн жоқ. Тарихтың ілгері асқан адымын жылдамдатуға шамамыз келсе де, тарихты мүлде өшіріп тастай алмаймыз». Солтүстік Қазақстан облысы облыс орталығының «Digital Urpaq» Оқушылар сарайының ғимаратына конференцияға қатысушылар көп жиналды, конференция қонақтарына жаңа кітаптар мен архив материалдарының көшірмелерінің көрмесі ұйымдастырылды. Слайдтар мен видеолар үлкен экраннан көрсетілді. Конференцияның пленарлық сессиясында атақты ҚР және шетелдік ғалымдар ҚР ҰҒА академиктері О.С. Смағұлов, О.О. Озғанбаев, «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы Д. Қамзабек, Мимар Синан университетінің профессоры, доктор А. Қара (Түркия), доктор А. Ташағыл (Түркия), доктор Н.Б. Комилов (Өзбекстан), Бішкектегі Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты филиалының директоры Ж. Байділдеев (Қырғызстан), доктор Э. Маммадов (Әзірбайжан), V.Salimoff (Швейцария) және т.б. сөз берілді.

Отан тарихын зерттеудегі белсенділікті тек ғылыми қызметкерлер, жетекші жоғары оқу орындарының, БАҚ өкілдері ғана емес, сонымен қатар жас ғалымдар мен жоғары сынып оқушыларын да қызықтырытындығы өте қуантады. Бұл тенденция Мағжанның «Мен жастарға сенемін!» өлеңіне және жас буынға арналған «Жастарға жаңа жол» атты Смағұл кітабына сәйкес келеді. Қазақстан Республикасының жас ұрпағы ХХ ғасыр трагедиясының қайталануына жол бермеу үшін өткенді зерттеп, тарих сабақтарды түсінуі керек.

Секциялық отырыстарда көтерілген мәселелер мемлекет пен қоғамның, жекелеген отбасылар мен тұлғалардың әлеуметтік-саяси және экономикалық тарихының өзекті тақырыптарына арналды. Алпысқа жуық ғалымдардан баяндамалар келіп түсті, олар дереккөздермен көп қырлы еңбекті, ғасырлық оқиғалар жайлы деректерді жаңа методологиялық тәсілдермен түсіндіруді көрсетеді. Шараға қатысқан тарих пәні мұғалімдері, ҒЗИ, ЖОО өкілдері үшін пікір алмасу, түрлі қызықтыратын сұрақтар қоюға мүмкіншіліктер туды.

2023 жылғы 31 мамырда Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Смағұл Сәдуақасов ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Халықаралық конференция қорытындысы бойынша материалдар жинағын шығару жоспарлануда.

Мұқанова Г.Қ., т.ғ.к., профессор, ж.ғ.қ., Байжуманова Замзагүл, к.ғ.қ.

ҚР ҒЖБМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты