АҚПАРАТТЫҚ ХАТ


Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2024 ж. 22 мамырда қазақтың ұлы ғалымы, академик, филология ғылымдарының докторы, профессор Әлкей Хақанұлы Марғұланның 120 жылдығын атап өту аясында «Академик Ә.Х. Марғұланның мұрасы және қазақстандық тарих ғылымы: жаңа қадамдар мен үрдістер» тақырыбында халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізеді.

Әлкей Хақанұлы Марғұлан 1904 ж. 11 мамырда қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданының аумағында дүниеге келген. Ғалым өзінің бүкіл саналы ғұмырын өз елінің өткенін зерттеуге арнады. Оның арқасында тарих ғылымы жаңа белестерге жетіп, нәтижелері өткен кезеңдерді одан әрі зерттеуге негіз болды. Академик Ә.Х. Марғұланның есімі отандық тарихта сол кездері тарихымыздың көптеген аз зерттелген және ақтаңдақ беттерін алғашқы зерттеуші ретінде мәңгіге сақталды.

Академик Ә.Х. Марғұланның басты еңбектерінің бірі Орталық Қазақстанның Беғазы-Дәндібай мәдениетін ашып, ғылыми айналымға енгізуі болды. Оның негізгі ерекшеліктері 1946-1947 жж. ол өзі басқарған Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының есептері мен еңбектерінде көрінді. Сонымен қатар, жазба деректерді зерттеу, қазақтардың рухани мәдениеті мен фольклорын зерделеу де ғалымның жіті назарын аударды. Сондай-ақ Ә.Х. Марғұлан ғұмырын Қазақстанның ежелгі қалаларының сәулет өнерін зерттеуге де арнады. Классикалық шығармалар қатарына оның «Ежелгі қазақ тайпалары және Қазақ хандығының құрылуы», үш томдық «Қазақ халқының қолданбалы өнері», «Қазақ әлемі» және басқа да еңбектері жатады. Ғалымның бес томдық  «Қазақ КСР тарихы көне заманнан бүгінгі күнге дейін» академиялық басылымын (1979 ж.) жазуға қатысуы оның ғылыми қызметінде ерекше орын алады. Осылармен қатар, Әлкей Марғұлан Ш. Уәлихановтың шығармалар жинағының редакторы және құрастырушысы, әрі ол туралы көптеген монографиялардың авторы болды. 1982 жылы ол Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегері атанды.

Қазақстандық археология және этнография мектебінің негізін қалаушы Әлкей Хақанұлы Марғұланның көпжылдық еңбегі еліміздің ғылымы мен қоғамдық өмірінде жоғары бағаланады.  

Конференция жұмысы келесі бағыттарды қамтиды:

  • Қазіргі қазақстандық тарих ғылымының теориялық-әдістемелік қадамдары;
  • Ә.Х. Марғұлана көзқарастарындағы Қазақстанның ежелгі тарихы;
  • Отан тарихын зерттеудің өзекті мәселелері мен болашағы;
  • Ортағасырлық археология: қала мен дала өркениеті;
  • Қазақстанның археологиялық ескерткіштері: тарихи-мәдени мұраны сақтау және пайдалану мәселелері;
  • Қазақтың халық шығармашылығы және қолданбалы өнері.

Конференцияға қатысу үшін өтініш беру 2024 ж. 15 мамырға дейін ұйымдастыру комитетінің мекенжайына жіберу қажет (өтініш формасы қоса беріледі). Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына сәйкес келмейтін өтінімдерді қабылдамау құқығын өзіне қалдырады.

Конференцияға ғалымдар, ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері, университет оқытушылары, докторанттар, магистранттар шақырылады.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияның басталуы: 2024 жыл 22 мамыр, сағат 11:00.

Жұмыс форматы: онлайн конференция Zoom: https: //us02web.zoom.us/j/85610377255?pwd=R3IwVlMyblhhbm5jZCtZWSsxQkJadz09 бағдарламасы негізінде

Конференция ID: 856 1037 7255; Қол жеткізу коды: 478434.

Ұйымдастыру комитетінің байланыстары: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Шевченко көш., 28. Жаңа дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімі.

Ұйымдастыру комитетінің байланыс деректері:

Шотанова Ғалия Айтжанқызы – ұялы телефон, whatsapp +77024076240, e-mail: galia8.09@mail.ru.

Оразов Рашид Ешенұлы – ұялы телефон, whatsapp +7 707 909 1772, e-mail: r.o.e@mail.ru.

Марғұлан Аида Серікқызы – ұялы телефон, whatsapp +7 707 909 1772, e-mail: aida.1@mail.ru

Арепова Анар Дүйсенбайқызы – ұялы телефон, whatsapp +7 705 100 3727, e-mail: arepovaanar@mail.ru.

КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУ ҮШІН ӨТІНІШ ҮЛГІСІ

Аты-жөні 
Бірлескен авторлар (егер болса) 
Жұмыс орны 
Қызметі 
Ғылыми дәрежесі, атағы 
Байланыс телефоны 
E-mail 
Қатысу түрі (онлайн, оффлайн) 
Секция 
Баяндама тақырыбы (қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде)