Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ

Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты 2024 жылдың 28 мамырында, сағат 11.00-де Қазақстан рестубликасының бірінші қорғаныс министрі, Кеңес Одағының батыры, Халық Каһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтың жүз жылдығына арналған«Сағадат Нұрмағамбетов Отанға қызмет етуші» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.   

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

Ұлы Отан соғысы Сағадат Нұрмағамбетовтың өмірінде;

Сағадат Нұрмағамбетов КСРО-ның Қарулы Күштер жүйесінде;

Тәуелсіз Қазақстанның қорғаныс жүйесінің қалыптасу тарихы;

Сағадат Нұрмағамбетов – Қазақстан Республикасының тұңғыш қорғаныс министрі;

Қазақстанның әскери күштер тарихындағы тұлғалар – өткеннің мұрасы мен бүгінгісі;

Қазақстан тарихының ерлікті өткенінен мысалдар негізінде ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру;

Қазақстандағы әскери күштер тарихын зерттеу (әскери істер, қауіпсіздік мәселелері, тұлғалар).

Өткізі орны: Алматы қаласы, Шевченко көшесі 28, Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология көшесі.

Конференция жұмыс істейтін тілдер: қазақ, орыс.

Конференция жұмысының басталуы: 28 мамыр 2024 ж., сағат 11:00.

Конферения өтетін формат: офлайн, сондай–ақ Zoom арқылы қосылу мүмкіндігі қарастырылған (идентификатор: 859 6757 2817, пароль: 809531.

Конференцияға қатысу үшін 2024 жылдың 25 мамырға дейін ұйымдастырушылар комитетінің электронды мекенжайына (k.manara@mail.ru) өтініш беріп, мақалалар мәтінін жіберу қажет (өтініш нысаны қоса беріледі). Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына немесе талаптарға сәйкес келмейтін материалдар мен өтінімдерді қабылдамау құқығын өзіне қалдырады. Бұл жағдайда автормен (авторлармен) хат алмасу болмайды.

Конференцияға қатысу жарнасы және толық мәтінді мақалаларды жариялау үшін тіркеу жарнасы алынбайды. Конференция материалдары PDF форматында конференция материалдарының электронды жинағында жарияланады.

Ұйымдастырушылар комитетінің байланыстары:

Смагулова Анар Мурзагалиевна – Ұялы телефон нөмірі т.: +7 777 145 5069 (Алматы),

е-mail: anaru6ka@mail.ru

Кочиев Эльнур Рафик-Оглы – Ұялы телефон нөмірі т.: +7 777 392 3232 (Алматы).

е-mail: elnurkochiyev@gmail.com

Конференцияға қатысу Өтінімі:

Аты–жөні 
Оқу /жұмыс орны 
Курс /қызметі 
Адресі 
e-mail 
Телефон 
Баяндама тақырыбы 
Қатысу формасы 

Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар

Мақала Word редакторында Times New Roman шрифті, 12 кегль, 1,5 интервал, абзац шегінісі– 1,25 см, шеттері 2 см ретінде рәсімделген, көлемі 10-12 беттен аспайтын мәтін түрінде берілуі керек. Мақалада ӘОЖ индексі, автордың аты-жөні, жұмыс орны (қала мен елді көрсете отырып) орыс және қазақ тілдерінде көрсетілуі қажет. Сондай-ақ, мақаланың тақырыбы мен реферат (500-ден 600 таңбаға дейін), түйінді сөздер (6-дан 10 сөзге дейін) де орыс және қазақ тілдерінде көрсетілуі талап етіледі.

Пайдаланылған дереккөздері мен әдебиеттер тізімі ГОСТ Р 7.0.5-2008 «Библиографиялық сілтеме. Жалпы талаптар мен құрастыру ережелері» сәйкес рәсімделеді. Тізім сілтеме реті бойынша реттеледі. Тізімде көрсетілген дереккөзге сілтеме мақала мәтінінде төртбұрышты жақшаға алынады, мысалы: [5, б. 264]. Бір уақытта бірнеше дереккөзге сілтеме жасау қажет болса, сілтемелер төртбұрышты жақшада нүктелі үтірмен бөлінеді. Қазақ мәтіндерінде қажетті сөздерде міндетті түрде Өө, Ңң, Үү, т.б. әріптері қолданылады.

Мақаланы рәсімдеу үлгісі:

ӘОЖ ****

A.Б. Ахметов

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы (Қазақстан)

А.Б. Ахметов

Казахский национальный педагогический университет им. Абая, Алматы (Казахстан)

E-mail: vasil@mail (автордың электрондық поштасы)

Мақаланың атауы (қазақ тілінде)

Алғыс сөз (қажет болса): Мақала … қорының қолдауымен дайындалған

Аннотация мәтіні (500—600 белгі) қазақ тілінде.

Кілт сөздер: 6–10 сөз не сөзтіркестер қазақ тілінде.

Мақаланың атауы (орыс тілінде)

Аннотация мәтіні (500—600 белгі) орыс тілінде.

Кілт сөздер: 6–10 сөз не сөзтіркестер орыс тілінде.

Мақала мәтіні [1, б. 300]. Мақала мәтіні [2, б. 249]. Мақала мәтіні [3, б. 147]. Мақала мәтіні [2, с. 76]. Текст [4, с. 6].

Қолданылған дерккөздер мен әдебиеттер тізімі

Автор туралы мәліметтер: Аты – жөні, ғылыми дәрежесі (болған жағдайда), қызметі, оқу/жұмыс орны, телефон, е-mail.

Ұйымдастырушы комитет