Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

ТАШКЕНТ ҚАЛАСЫНА ҒЫЛЫМИ ІС-САПАР ҚОРЫТЫНДЫСЫ


Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.к. А.Т. Қайпбаева 2024 жылдың 12 – 21 мамыры аралығында «Д.А. Қонаевтың Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына және республиканың аумақтық тұтастығын сақтауға қосқан үлесі» ГҚ жобасы бойынша ғылыми іс-сапар жұмысын жүзеге асырды.

Мақсат: жоба тақырыбы аясында ғылым және мәдени мекемелерде зерттеу жұмысын жүргізу, сондай-ақ, 1960-1980 жж. Қазақстанстан мен Өзбекстанның аграрлық және дипломатиялық байланыстары, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Д.А. Қонаев пен  Өзбекстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Ш.Р. Рашидовпен және Өзбекстан республикасының президенті И. Каримовпен  қарым-қатынасы, Д.А. Қонаевтың Өзбекстанға сапарлары т.б. мәселелерге қатысты материалдарды анықтау, көшірмелерін алу. Сондай-ақ, мемлекет қайраткері Д.А. Қонаев туралы Өзбекстан республикасының қоғам қайраткерлерінен, көзін көрген қазақ диаспорасы өкілдерінен сұқбат алу негізінде халық жадындағы естеліктерді жинақтау.

Осы орайда, атқарылған жұмыстар (тапсырмаға сәйкес): I. Өзбекстан республикасының Әлішер Науаи атындағы Ұлттық кітапханасы; II. Мырза Ұлықбек атындағы ұлттық университеттің кітапханасы; III. Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясының іргелі кітапханасы қорынан; IV. Өзбекстан қазақ ұлттық мәдени орталығы; V. Д.А. Қонаев Халықаралық қорының Ташкент бөлімі; VI. Ш. Рашидов атындағы Халықаралық қоғамдық қор; VII. И. Каримовтың ғылыми-ағартушылық кешені; VIII. Өзбекстан республикасының тарихи мұражайынан материалдардың көшірмелері мен кітаптар алынды.

Сонымен қатар, ғылыми мекемелермен әріптестік байланыс орнату аясында да ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, а, Ш. Рашидов атындағы Халықаралық қоғамдық қоры және Өзбекстан қазақ ұлттық мәдени орталығында кездесу орын алды. Нәтижесінде аталған мекемелер мен Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Ш. Рашидов атындағы Халықаралық қоғамдық қорының төрағасы Г.Ш. Рашидова мен ғылыми қызметкер Искандар Муминов

Белгілі журналист, ӨзРесп. «Нурони» ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары
Шароф Убайдуллаевпен ҚР мемлекет және қоғам қайраткері Д.А. Қонаевтың 1992 ж. өзбек жазушысы, мемлекет қайраткері Ш. Рашидовтың 75 жылдық мерейтойына қатысуға келген Өзбекстан республикасына сапары туралы сұқбат алынды.

Өзбекстан қазақ ұлттық мәдени орталығының директоры Үсенов Серік Назарұлымен кездесу сәтінен.