Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Ж. БАЛАСАҒЫН АТЫНДАҒЫ ҚЫРҒЫЗ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ өкілдерімен КЕЗДЕСУ ӨТТІ


2024 жылдың 29-шы мамырында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтына Қырғыз Республикасы Ж. Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университетінен құрамында тарих мамандығының 16 студенті және 4 оқытушысы бар делегация келді.

Делегацияның келуінің негізгі мақсаты – туысқан екі елдің тарихшы ғалымдары мен жас мамандарының арасында ғылыми-мәдени ынтымақтастықты күшейтіп, кәсіби әріптестік байланыс орнату болып табылады.  

Қонақтарды күтіп алу барысында, Көктөбе саябағында teambuilding форматында ресми емес жиын ұйымдастырылып, таза ауада екі елдің тарихына қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Екі ел ғалымдары соңғы уақыттары әлемдегі болып жатқан саяси-экономикалық өзгерістерге тоқталып, жаһандық саяси ахуалдың өзгеріске ұшырап жатқандығына алаңдауларын білдіріп, осындай уақытта туыстас қазақ-қырғыз халқының өзара бірлікте, ынтымақта, достық қарым-қатынаста өмір сүруі маңызды екендігі айтылды.

Кездесу барысында қазақ-қырғыз халқының тарихының ортақтығы мен  тілінің туыстас екендігі тілге тиек етілді. Аумалы-төкпелі заманда бауырлас халықтар бір-біріне демеу болып, көмектесіп отыру керектігіне баса назар аударылды. Болашақта қырғыз ғалымдарымен бірлесе отырып ортақ зерттеулер жүргізіп, екі елдің ғылыми тұрғыда да байланыстарының күшеюіне өзара атсалысу жөнінде келіссөздер жүргізілді.  Табиғат аясындағы teambuilding жиыны естелікке суретке түсумен қорытындыланды.

Түскі астан соң қырғыз бауырлас ағайындарға Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік музейіне экскурсия ұйымдастырылып, музейдегі тарихи-мәдени жәдігерлер таныстырылды.

Кездесуді соңына қарай Алатаудың ар жағынан ат арылтып келген қырғыз ағайындарға Институтымыздың тарихы да таныстырылып, шыққан зерттеу еңбектер тарту етілді. Сонымен қатар, екі ел жас ғалымдары арасындағы байланыс күшейтіліп, алдағы уақыттарда ғылыми-мәдени байланыстарды күшейтіп, бірлескен ғылыми шаралар ұйымдастыру, ғылыми бойынша ұсыныстар жасалды.