2024 жылдың 19 шілде күні Ежелгі және ортағасырлардағы Қазақстан мен іргелес елдер тарихы бөлімінің ұйымдастыруымен «Солтүстік Ауғанстанның қазіргі уақыттағы этникалық картасының қалыптасу тарихы» тақырыбында семинар өткізді. Семинарға М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының жетекші ғылыми қызметкері, фил.ғ.к., доцент Т.Қыдыр, Абай ғылыми зерттеу институтының директоры Жабал Шойынбет, «Қазақстан мен Орталық Азия тарихын зерттеу институтының» Бас директоры Нұрат Ілияс, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жас ғалымы М.Қадылбек, сондай-ақ зиялы қауым және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Семинар барысында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директордың халықаралық қатыстар жөніндегі орынбасары, жетекші ғылыми қызметкер, т.ғ.к., Ж.Ж. Жеңісұлының «Әмудария қазақтары / тарихи-этнографиялық зерттеу» атты кітабының тұсаукесері өтті. Ж.Ж. Жеңісұлы 2023-2024 жылдары Ауғанстанға жасаған ғылыми экспедициясының қорытындылары, осы елді мекендейтін қазақтардың тарихы, мәдениеті, шаруашылығы және қазіргі ахуалы туралы зерттеу нәтижесін баяндады. Сонымен қатар ол Ауғанстан аймағына қоныстанған қазақтардың тарихын, аймақтағы қазақтардың үш кезеңдегі осы аймаққа кезең кезеңімен қоныстануы, өткені мен бүгінгі жағдайы туралы атап өтті. Қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, қызығушылықтарын білдірді.