Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

ЖЕР ШЕЖІРЕСІ – ЕЛ ШЕЖІРЕСІ


Т.А. Апендиев,

Ш.Ш. Уәлиханов

                                            атындағы Тарих және

этнология институтының

ғылыми қызметкері,

 гуманитарлық ғылымдардың магистрі

  

Шежіре арқылы біз халықтың этникалық құрылымы, шығу тегі, таралуы, тұтастығы жөнінде мол мағлұмат бере отырып қазақ тарихының негізгі дерек көзін шежіреден аламыз.  Көшпелі қоғам туғызған қажеттілік және көшпелілердің әдет-ғұрып, салт-санасының негізінде туғаны бізге белгілі. Ел арасында өмір тарихын өте жақсы білген «шежіреші адамдар» болған. Олар қазақтың ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрін, заңдарын, әдет-ғұрпын, ай-күн есептерін жақсы білген, небір аңыз-әпсана, жырларды жадында сақтаған. Осы мақсатта «Жүз ауыл», «Жүз қария», «Шежіре», «Ұлттық ою-өрнек» бағдарламасы аясындағы этно-тарихи экспедициялық іс-сапарға желтоқсан, қаңтар айында қыстың суығына дес бермей Алматы обл., Райымбек ауданына шежіре жинауға бардық. Қазақ өзі қонақ жайшыл халық емес пе? аудан әкімі өзі күтіп алып аудан тарихымен таныстырды. Бұл ауданның 15 шақты ауылын аралап 25 тей шежірешілерден сұхбат алдық. Солардың ішінен атап айтсақ Кегенбаев Мырзатай, Шожымбек Елжас Тоқтасынұлы, Нұрниязов Нұрқайдар т.б. осы аты аталған қарияларымыз сынды шежірешілермен кездесуді Алла нәсіп етіп тілдесіп қайттық.

XVII-XIX ғғ өмір сүрген осы күнге дейін сыры ашылмаған «Құмтекей» қаласы туралы естідік. Бұл аталған қала туралы бірнеше аңыз әңгімелер бар екен. Қаланың тарихы туралы естіген, білген қарияарымыздан аудио түрінде таспаға түсіріп әкелдік. Осыған қоса Албан руынан шыққан атақты батыр Райымбек атамыз туралы да біз естімеген аңыз әңгімелер де жазылып алынды. Осы аталған ауданның оннан астам мұражайларын да аралап көріп қайттық. Мұражай қорларында бірнеше ғасыр тархы бар, ата-бабаларымыз қолданып келген әшекей бұйымдар мен көне жәдігерлерді кездестірдік. Райымбек ауданында өнерлі тұлғалар көп шыққанын көруге болады. Нақтырақ айтсақ 1916 жылғы Қарқара көтерілісіне қатысқан Жәмеңке Мәмбетұлы, Ұзақ Саурықұлы, Нөке Ыстыбайұлы, Қазыбек Шорманұлы, Жаңабай Құдайбергенов, күйші Көдек Байшұғанұлы, Сағат Әшімбаев, Нұрбапа Өмірзақұлы, Бердібек Соқпақбаев, Тельман Жанұзақов, ақиық ақын Мұқағали Мақатаев, Оразәлі Досбосынов, атақты елімізге танымал тарихшы академик Ақай Нүсіпбеков сияқты т.б., елге әйгілі атақты ата ағаларымыз шыққан. Бұл жерде өнер шеберлерінің де қол өнерімен де таныстық. Бұл өңірдің қолдарынан шыққан баға жетпес өнер туындыларының барлығы дерлік Республикамыздан орын алған. Шежіреші әңгімеленген тұлғалар өмірбаяны мен тарихы олардың ата тегін көрсететін кесте, туған жері, қыстау орыны, жерленген жері, моласына тұрғызылған ескерткіштер, ескерткішке жазылған жазу сияқты деректермен расталады.

«Жер шежіресі – ел шежіресі» демекші шежіренің ішінде аңыз бен шындық та, ертегі мен әпсана да, өнер мен ғылым да бар. Көзқарақты қарттар мен кейінгі орта буын ағаларымыздан бұрнғы және кейінгі ғасырлардағы тарихи оқиғаларды, халықтың басынан өткен естімеген, айшықты кезеңдерде болған оқиғаларды естіп жанымыз түршікті. Шежіре жинауда М.Ж. Көпеев ағаларымызға жете алмасақта ұқсап бағуға тырысып бірнеше құжаттар жинадық.

Cөз соңында айтарым қазақ халқының  ұлттық тарихының жаңаша дүниетанымын қалыптастыру, тарихи жадыны сақтап қалу отандық тарихшыларға міндеттелген жауапты іс болып саналады. Сондықтан қазақ шежіресінің өскелең ұрпақтың ұлтын ұлықтауға тәрбиелеуде үлкен мәні бар дегім келеді.