Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ

Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ

Құрметті әріптестер!

Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2024 жылы 25 қыркүйекте «Көшпенділер әскери ісін зерттеудің өзектілігі» тақырыбында ғылыми семинар өткізеді.

Ежелгі және орта ғасырлардағы көшпелі халықтардың әскери тарихы тек жалпыеуразиялық қана емес, сонымен қатар әлемдік маңызға ие болды. Еуразия көшпенділерінің әскери іс тұрғысынан басым түсуі оларға саяси үстемдікке қол жеткізіп, әлемдік үдерістердің барысын және бағытын анықтады. Еуразиялық көшпенділер соның ішінде қазақ жауынгерлері де ежелгі және орта ғасырларда Еуропа мен Азияның бірқатар мемлекеттер мен халықтардың әскерлерін үстем түсіп тамаша жеңістерге қол жеткізді.

Сақ, қыпшақ және Еуразияның басқа да көшпелі тайпаларды талай соғыста жеңіске жетуінің себебі далалық әскери жүйе орта ғасырлардағы ең озық әскери жүйелердің бірі болғандығында. Ол Қытай, Иран, Византия және Русь сияқты көрші елдердің әскери ісіне ықпал етіп, барлық жерде атты әскердің, әсіресе салтатты садақшылардың пайда болып дамуына үлкен әсерін тигізді. Көшпенділердің әскери ісінің озықтығы бүкіл әлемді дүр сілкіндірген және теңдесі жоқ Шыңғыс хан империясының құрылуына ықпал етті.

Әскери іс Еуразия көшпелі халықтарының әскери тарихының құрамдас бөлігі болып табылады. Әскери іс пен қару-жарақтарды зерттеу Еуразияның көшпелі халықтар тарихының көптеген маңызды мәселелерін ашуға мүмкіндік береді. Жекелеген жерлеу орындарында қару-жарақ кешені мен оның таралуын зерттеу ежелгі қоғамның әскери-әлеуметтік құлымының сипатын, яғни әлеуметтік қатынастардың жалпы деңгейін анықтауға мүскіндік береді. Ал қару-жарақтардың жекелеген түрлерін, олардың танымалдылығы мен таралу аумағын талдау арқылы көрші елдермен мәдени және саяси-әскери тұрғыдан өзара әсерінің динамикасын анықтауға мүмкіндік береді.

Ғылыми семинардың мақсаты: дәстүрлі көшпелі қоғамның әлеуметтік-саяси өмірінде әскери істің алатын орны мен маңызын көрсету. Бұл өз кезегінде далалықтардың құндылықтар жүйесінің қалыптасуына және іс-әрекетінің мотивациясына әсер етті, осы мәселелерді зерттеу тарихымызды аша түсетіні сөзсіз.

Ол үшін ғылыми семинар барысында келесі міндеттер қарастырылады:

– адамзат тарихында соғыстар мен әскери істің алатын орнын көрсету;

– далалық әскери жүйенің қалыптасу кезеңдерімен таныстыру;

– далалық құқықтық жүйеде әскери іске қатысты заңдарды талдау;

– салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарда қарудың рөлі мен орнын анықтау;

– далалық әскери мектептің көрші елдерге тигізген әсерін көрсету.

Өткізілу түрі: офлайн, онлайн.

Зум идентификаторы: 862 5333 3582, коды: 625572.

Өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Құрманғазы көш., 29, Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының конференц-залы (1-қабат).

Өтетін уақыты: 2024 ж. 25 қыркүйек, сағат 11.00.

Ұйымдастыру комитеті