Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ


Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты «Тарихи демография және Қазақстан халқы Ассамблеясы» бөлімі AR19678056 «Қазақстанның ХХ ғасыр 20-30-шы жылдардағы қалалары (әлеуметтік-мәдени феномен ретінде: этнодемографиялық және әлеуметтік-мәдени даму) жобасы аясында ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор М.-А.Х. Асылбековтың 95 жылдығына арналған «ХХ ғасырдың I-жартысындағы Қазақстандағы әлеуметтік-демография мен мәдени мәселелер» тақырыбында 2024 ж. 4 қазанында халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференция өткізеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.-Ж.К. Тоқаевтың «Тарихи тұлға тағылымы» атты мақаласында: «Тарих жолы тақтайдай тегіс, түзу бола бермейді. Бұрылысы мен қалтарысы жиі кездесетін дәуірдің сыншысы да көп. Ал нақты әрі батыл іс-әрекетке бара алатын адамдар сирек. Мұндай тұлғалар тарихты түзеді, жаңа заманды алға жетелейді» деп атап көрсеткен болатын. Қоғамда тұлғаның орны мен рөлі қашанда маңызды болмақ. Осы орайда Қазақстан ғылымының дамуына сүбелі үлес қосқан көрнекті ғалым-академиктің ғылыми-шығармашылық мұрасын талдап, еңбектерін саралап, еске алу қажет. Мәлік-Айдар Хантемірұлы Асылбеков саналы ғұмырын Қазақстан тарихының өзекті мәселелерін зерттеуге арнап, артынан өшпестей мол мұра қалдырды. Қазақстандағы тарихи демография бағытының негізін қалап, шәкірттер тәрбиелеп, ғылыми мектептің іргесін қалап кеткен ғалымның ізденістері келешек ұрпақтарға азық болары сөзсіз.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

– Академик М.Х. Асылбековтың Қазақстандағы демография ғылымының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі;

– Қазіргі кезеңдегі отандық тарих ғылымындағы жаңа тұжырымдамалар мен тәсілдер: теориялық-әдіснамалық негіздері, жаңа дереккөздер мен тарихнама;

– Тарихи демография саласындағы зерттеулер: жетістіктер мен даму мүмкіндіктері;

– ХХ ғасырдың I-жартысындағы Қазақстанның этнодемографиялық дамуы: халық санағының зерттелуі мен өзектілігі;

– ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстан қалалары әлеуметтік-мәдени даму ерекшеліктері.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференция жұмысының басталуы: 2024 жылдың 4 қазан күні сағат 14.00.

Өткізу формасы: офлайн және Zoom платформасындағы онлайн режим https://us02web.zoom.us/j/81601904579?pwd=wnaMPJPbgqgJY9sa2dIw6JYKpbsMd7.1 конференция идентификаторы: 816 0190 4579  Код 530969.

Конференцияға қатысу үшін өтінімдер және конференция жинағына қосу үшін мақалалар мәтіндері 2024 жылдың 15 қыркүйекке дейін электрондық нұсқада «Конференция» белгісімен ayan.azhibek0000@mail.ru, gulnara_78@mail.ru  e-mail-на қабылданады. Конференция жұмысының қорытындысы бойынша материалдар жинағын жарыққа шығару жоспарлануда.

Материалдарды рәсімдеуге қойылатын талаптар: мақала көлемі – Microsoft Word редакторында 8-12 беттен артық емес; шрифт Times New Roman, кегль 12; жоларалық интервал – 1; азат жол – 1 см, азат жол автоматты түрде орнатылады; жоғарғы және төменгі – 2, сол жақ – 3, оң жақ – 1,5; автордың аты-жөні, жұмыс орны (ұйымның атауы) – оң жақ бұрышта; баяндаманың атауы бас әріптермен төменде ортасына, қаласы, елі орналастырылады. Дереккөздерге сілтемелерді шаршы жақшада реттік нөмірмен (мысалы, [1, 65-б.]), еске алынуына қарай, пайдаланылған әдебиеттер тізіміне сәйкес, мақала мәтінінің соңында орналастыру керек.

Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына немесе қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін материалдарды қабылдамауға құқылы.

Ұйымдастыру комитетінің байланыстары: 050010, Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, ғылыми қызметкер Омарова Г.Ә. (+77078949368), e-mail: gulnara_78@mail.ru.

Конференцияға қатысуға өтінім

Толық аты-жөні 
Жұмыс орны, лауазымы 
Ғылыми дәрежесі және атағы 
Байланыс мекен-жайы және телефоны, e-mail: 
Баяндама тақырыбы 

Құрметпен, ұйымдастыру комитеті