2024 жылғы 2 қазанда Алматыда Қазақстандағы шағын және моноқалаларды дамытудың тарихы мен болашағын зерттеуге арналған методологиялық семинар өтті. Семинарды Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты AР23488712 «Тәуелсіз Қазақстанның шағын және моноқалаларының күнделікті өмірі (Шығыс өңірінің мысалында)» ГҚ жобасы аясында ұйымдастырды. Семинар өңірлік даму саласындағы ғалымдар мен мамандарды біріктірді.
Семинарда Қазақстандағы шағын және моноқалаларының әлеуметтік-экономикалық және демографиялық дамуының негізгі мәселелері, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру ерекшеліктері, сондай-ақ шағын және моноқалалар тұрғындарының күнделікті өмірін зерттеу методтары талқыланды. Келесі тақырыптар бойынша баяндамалар тыңдалды:
- Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері Уалтаева Алтын Слямкайдаровна «Шағын (2004-2006 жж.) және моноқалаларды (2012-2020 жж.) дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асырудың нәтижелілігіне пәнаралық талдау».
- Тарих ғылымдарының кандидаты Черепанов Константин Владимирович «Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының шағын қалалары жағдайының бастапқы деректерін салыстыру».
- Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері, т.ғ.д. Мұхатова Оразгүл Хасенқызы «Шағын және моноқалаларды зерттеудегі негізгі методологиялық тәсілдер».
- Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері Әбуов Нұрболат Әскерұлы «Революцияға дейінгі зерттеушілер мен ХХ ғасыр ғалымдарының еңбектеріндегі Петропавл тарихы»
- Әлеуметтанушы Қалдыбаева Ольга Владимировна «Тарихи зерттеудегі шағын қалалардың күнделікті өміріне әлеуметтік сауалнама жүргізу методтары мен формалары»
- Тарих ғылымдарының докторы Асылбекова Жәмила Мәлік-Айдарқызы «Қазақстан Республикасының моноқалаларын дамытудың өңірлік саясатының ерекшеліктері».
Қатысушылар бірнеше негізгі бағыттарды талқылады, олардың ішінде: қазіргі Қазақстандағы шағын және моноқалаларды әлеуметтік-мәдени дамыту, мемлекеттік даму бағдарламаларын іске асыру нәтижелерін талдау, сондай-ақ шағын қалалар халқының күнделікті өмірі туралы деректерді жинау және талдау методтары.
Семинар Қазақстанның шағын және моноқалаларын дамытудың өзекті мәселелері мен болашағын талқылауға, демография, экономика және шағын қалалар тұрғындарын әлеуметтік бейімдеу мәселелерін қоса алғанда, одан әрі ғылыми зерттеу үшін маңызды бағыттарды анықтауға, сондай-ақ өңірлік дамудың заманауи стратегиялары мен бағдарламаларын әзірлеу үшін шағын қалаларды дамытудың тарихи тәжірибесінің маңыздылығын атап өтуге мүмкіндік берді.
Ұйымдастырушылар тақырыпқа деген жоғары қызығушылықты атап өтіп, Қазақстанның шағын және моноқалаларын өңірлік дамыту бағдарламаларын одан әрі зерделеу және әзірлеу үшін пайдалы болатын белсенді талқылаулар мен баяндамалар үшін барлық қатысушыларға алғыстарын білдірді.


