Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан мен іргелес елдер тарихы бөлімінің ұйымдастыруымен 2024 жылы 25 қыркүйекте «Көшпенділердің әскери ісін зерттеудің өзектілігі» тақырыбында ғылыми семинар өткізілді. Ғылыми семинарда Институтымыздың жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Жұмаділ Арман Қабдешұлы көшпенділердің әскери ісінің тарихымен, қару-жарақ түрлерімен таныстырды. Сонымен қатар көшпенділер әскери ісінің басқа мемлекетерге әсерінің тарихын, қазіргі уақытқа жеткен тарихи сабақтастығы туралы, ұмыт болған әскери жоралғылар жөнінде баяндады. Ғылыми семинарға Қазақстанның басқа да өңірлерінен ғалымдар онлайн түрде қатысып, сұрақтарын қойып, өз пікірлерімен бөлісті.
2024 жылғы 20 қыркүйектегі «Көшпенділердің әскери ісін зерттеудің өзектілігі» атты семинардың
РЕЗОЛЮЦИЯСЫ
1. Ғылыми семинарда әскери іске қатысты айтылған мәселелерді Ежелгі және ортағасырлық Қазақстан тарихын зерттеушілердің назарына алынсын.
2. Қазақстанның әскери тарихына байланысты ғылыми зерттеулер мен мақала шығару қолға алынсын.
3. Докторанттар мен магистрантарға Далалықтардың әскери тарихы мен әскери ісіне қатысты зерттеу тақырыптары ұсынылсын.
4. Келер жылы көшпенділердің әскери ісі мен әскери тарихына қатысты гранттық жобаларға тапсырыс берілсін.
5. Халқымыздың тарихын насихаттау және оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында далалықтардың әскери ісіне қатысты мектептерде әңгіме өткізілсін.