Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«КЕНГІР КӨТЕРІЛІСІ: СЕБЕПТЕРІ, ҚАРСЫ ТҰРУ, САЛДАРЛАРЫ ЖӘНЕ ЕСТЕЛІГІ» атты Халықаралық ғылыми конференцияға қатысу


2024 жылғы 3-4 қазанда ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас директоры Қабылдинов З.Е. Вильнюс қаласында (Литва) өткен «КЕНГІР КӨТЕРІЛІСІ: СЕБЕПТЕРІ, ҚАРСЫ ТҰРУ, САЛДАРЛАРЫ ЖӘНЕ ЕСТЕЛІГІ» атты Халықаралық ғылыми конференцияда баяндама жасады.

Конференция Кенгір лагеріндегі саяси тұтқындардың көтерілісіне 70 жыл толуына арналған. Іс-шара Литва Үкіметінің қолдауымен Геноцид пен қарсы тұруды зерттеу орталығы және Тарих институттың ұйымдастыруымен UNESCO ғимаратында өтті.

Конференцияға Қазақстан тарапынан жетекші ғылыми қызметкерлер Дюсенова Н.К. және Қалыбекова М.Ш. де қатысты. Баяндамалар жоғары бағаланып, SCOPUS базасында және рейтингі жоғары журналдарда жариялануға ұсынылды.

Конференциядан кейін Қазақ-Литва Тарихи комиссиясының отырысы өтті, онда Литва аумағында фашистік концлагерьлер мен шайқастарда қаза тапқан Қазақстанның жауынгерлерінің қалдықтарын бірлесіп іздеу туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ конференцияға қатысушылар Литва сеймінің спикері Виктория Чмилите-Нильсенмен кездесу өткізді.