Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Санкт-Петербург қаласына ғылыми іссапардың нәтижелері


Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері, т. ғ. д., профессор З. Т. Садвокасова және Институттың жетекші ғылыми қызметкері, т. ғ. к., профессор Г. К. Мұқанова 2024 жылғы 22 қыркүйектен 5 қазанға дейін “Қазақстанның Дала облыстарының уездік басқармалары автократияның отарлық саясатын іске асыруда (XIX ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басы” гранттық ғылыми-зерттеу жобасын іске асыру шеңберінде Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласына ғылыми іссапарды жүзеге асырды.

Іссапардың мақсаты – Санкт-Петербург қаласындағы Ресей мемлекеттік тарихи мұрағаты мен Ресей Ұлттық кітапханасында жаңадан анықталған тақырыптық көздер мен материалдарды зерттеу, заманауи әдіснамалық тұрғыдан жаңа деректерді талдау және жүйелеу.

Жобаның күнтізбелік жоспарына сәйкес Ресей ұлттық кітапханасының үш филиалы және Ресей мемлекеттік тарихи мұрағатында ғылыми зерттеулер жүргізілді. Нәтижесінде ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның дала облыстарындағы уездік басқару құрылымыңың отарлау кезеңдеріндегі жүйесін қайта жаңғыртуға мүмкіндік беретін сирек кездесетін архивтік құжаттар анықталды.

Іссапар шеңберінде ғылыми байланыстар мен ғылыми-зерттеу мекемелерімен әріптестікті нығайту шеңберінде ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді, – Ресей Ұлттық кітапханасына сый ретінде қазақстандық ғылыми басылымдар табысталды.