АҚПАРАТТЫҚ ХАТ


ҚР ҒЖБМ Ғылым Комитеті Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты АР23487519 «Самодержавиенің отарлау саясатын жүзеге асырудағы Қазақстанның далалық облыстарының уездік басқармалары (ХІХ ғ. екінші жартысы – ХХ ғ. басы)» ғылыми жобасы аясында 2024 жылдың 15 қазанында «Ресей империясының ұлттық аймақтарындағы уездік басқару: ұйымдастыру принциптері мен қызмет ету механизмдері (XIX ғ. екінші жартысы – ХХ ғ. басы)» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Уездік басқару Ресей империясының әкімшілік құрылымындағы буындардың бірі болды және ұлттық облыстардың территориясына әртүрлі кезеңдерде енгізілді. Мысалы, Қазақстанның далалық аймақтарында ХІХ ғасырдағы әкімшілік-территориялық реформалармен байланысты және ХХ ғасырдың басындағы большевиктік реформаларға дейін сақталды. Уездік басқармалар қызметінің ерекшеліктері келесі параметрлермен анықталды: жергілікті халықтың менталитетінің, мәдениетінің, басқару әдісінің, дәстүрінің ерекшелігі, аумақтың көлемі, уездік басшыларының басқару буыны ретінде самодержавиенің отаршылдық саясатын жүзеге асыруы,  бастықтардың жергілікті халықпен тікелей байланыста болып, басқару буыны ретінде қазақтардың жүргізіліп жатқан саясатқа үнемі пайда болатын наразылығын тоқтату қажеттілігін білдірді. Уездік әкімшілік өкілдерінің тұлғалық қасиеттерін – олардың іс-әрекетін, өкілеттілігін, жеке қасиеттерін, мәдени-кәсіби деңгейін, қызметтік құлшынысын, жергілікті халыққа деген көзқарасын зерттеуге қатысты мәселеге назар аудартады.

Конференцияның мақсаты – Ресей империясының ұлттық аймақтарындағы, оның ішінде Қазақстанның далалық өлкелеріндегі уездік басқарудың қызметін, ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басындағы ұйымдастыру принциптері мен жұмыс істеу тетіктерін жан-жақты зерттеу.

Конференцияда Ресей империясының ұлттық аймақтарындағы самодержавиенің отаршылдық саясатын жүзеге асырудағы уездік әкімшіліктің қызметіне қатысты көптеген мәселелер, оның зардаптары талқыланады.

Конференция жұмысының бағыттары:

– ұлттық аймақтардағы әкімшілік-аумақтық реформаларға сәйкес империялық басқару жүйесіндегі уездік деңгейдің сипаттамасы;

– уезд басшыларының отарлау саясатын жүзеге асырудағы қызметін көрсету;

– ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы уездік басқару шенеуніктерінің жұмысын талдау;

– патшаның діни саясатын жүзеге асырудағы уезд басшыларының рөлі мен орны;

– самодержавиенің қоныстандыру саясатына байланысты аудандардағы даулы мәселелерді шешу тәжірибесі;

– ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында ұлттық аймақтарда қызмет еткен уездік шенеуніктердің мінездемесі;

– жүргізілген саясаттың байырғы халықтың материалдық және қоғамдық-саяси жағдайына тигізген салдары, сондай-ақ аудан басшылығы іс-әрекетінің қазақтардың күнделікті өміріне әсері;

– ХХ ғасырдың басындағы аудандық билік органдарының сауда және банк операциялары саласындағы өкілеттіктері;

– ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысындағы ұлттық аймақтардағы уезд әкімшілігінің қызметін қоғамның жетекші мүшелерінің еңбектерінде көрініс табуы.

Өткізу уақыты: 2024 жыл 15 қазан, сағат – 12.00.

Өткізу формасы: офлайн және Zoom платформасындағы онлайн режимде.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференция қорытындысы бойынша материалдар жинағы шығарылады. Мақала жариялау үшін ақы алынбайды.

Материалдарды рәсімдеуге қойылатын талаптар:

Мақалаларды авторлар электронды түрде MSOffice 2007 форматында, Times New Roman, шрифт – 14, интервал – 1, жиектер – 2 см. Кестелер мен фотосуреттерді қолдануға болады.

Мақаланың пішіні келесі ғылыми стандарттарға қатаң сәйкес келуі керек:

көлемі – кемінде 0,5 б.т. (5-7 компьютер парағы);

ортасында бас әріппен мақала тақырыбы;

ортадағы келесі жолда – автордың аты-жөні, жұмыс орны, лауазымы, ғылыми дәрежесі, электрондық поштасы;

мақала мәтіні тілінде қысқаша мазмұндама;

түйінді сөздер;

мақала мәтіні интервал – 2 аралықпен орналастырылады;

МЕМСТ 7.1-2003 бойынша дайындалған әдебиеттер тізімі;

ескертпелер мен дереккөздерге сілтемелер көрсетілгендей нөмірленіп, дәйексөзден кейін төртбұрышты жақшада беріледі (үлгі: [1, 28 б.]);

автор мақала мәтінін мұқият тексеріп, редакциялап жіберу қажет.

Конференцияны ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына немесе талаптарына сәйкес келмейтін материалдарды қабылдамау құқығын өзіне қалдырады.

Конференцияға қатысу үшін 2024 жылдың 10 қазанына дейін azhar59@mail.ru -на өтініш пен мақала мәтіндерін жіберулеріңізді сұраймыз.

                                  РӘСІМДЕУ ҮЛГІСІ

ХІХ ҒАСЫРДА ҚАЗАҚТАР АРАСЫНДА  ПРАВОСЛАВИЕЛІК УАҒЫЗДАУШЫЛАРДЫҢ МИССИОНЕРЛІК

ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

(1 шегініс)

Садвокасова З.Т.

tungatar_k@mail.ru

тарих ғылымдарының докторы, профессор,

Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология

институтының бас ғылыми қызметкері

Алматы, Қазақстан

       (1 шегініс)

Аннотация: Мәтін

МәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтін Мәтін Мәтін МәтінМәтінМәтінМәтінМәтін МәтінМәтінМәтінМәтінМәтін Мәтін Мәтін

Түйінді сөздер:

МәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтінМәтін МәтінМәтінМәтінМәтінМәтін МәтінМәтінМәтінМәтінМәтін Мәтін Мәтін

                                       (1 шегініс)

 Мақала мәтіні Мақала мәтіні Мақала мәтіні Мақала мәтіні Мақала мәтіні Мақала мәтіні Мақала мәтіні Мақала мәтіні Мақала мәтіні Мақала мәтіні Мақала мәтіні Мақала мәтіні Мақала мәтіні

                                       (1 шегініс)

ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕККӨЗДЕР ТІЗІМІ:

1.Садвокасова З.Т. Православные миссионерские учреждения в Казахстане (XIX – начало ХХ вв.) // Вестник ИвГУ серия «Гуманитарные науки» №3 2021., С. 71-78.

2. Шегиров К.М., Бейсембаева А.О., Маргулан А.С. Сары Арка и административные реформы на рубеже XIX-XX веков / Сборник избранных статей Международной научной конференции «Перспективные фундаментальные исследования и научные методы».  Санкт-Петербург. 2024. С.11-17.

Конференцияға қатысуға өтінімі

Автордың толық аты-жөні 
Жұмыс орны (толық) 
Баяндама (мақала)тақырыбы 
Лауазымы (толық) 
Ғылыми дәрежесі 
Мемлекет, қала 
Байланыс мекен-жайы және телефоны 
E-mail 

Ұйымдастыру комитетінің байланыстары:

 Редакцияның мекен-жайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28, тел.: +7 777 370 85 95, +7 702 314 35 09

Е-mail: azhar59@mail.ru

Құрметпен, ұйымдастыру комитеті