2024 жылдың 14 қазаны күні Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында Бас директор, ҰҒА академигі, т.ғ.д. З.Е. Қабылдинов Франция Ұлттық ғылыми зерттеулер Орталығының директоры Изабелла Огайон мен осы Орталыққа тиесілі «Mode Russe» ғылыми журналының редакторы Валерия Меликианмен кездесу өткізді.
Кездесу барысында З.Е. Қабылдинов қонақтарға Институт ұжымын таныстырып, атқарылып жатқан ғылыми Жобалар мен зерттеулер туралы айтып берді.
Өз кезегінде, қонақтар франциялық институт пен онда шығатын ғылыми басылым туралы жан-жақты баяндады.
Сонымен қатар, кездесуде институт ғалымдары Орталық ғылыми басылымына мақала беру тәртібімен танысып, ғылыми ынтымақтастықты жандандыру бойынша қажетті мәліметтер алды.
Қорытындылай келе, Франциялық ғалымдар институт атқарып жатқан жұмыстарға оң баға беріп, ғылыми ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қызығушылық танытты.