«Ресей империясының ұлттық аймақтарындағы уездік басқару: ұйымдастыру принциптері мен қызмет ету механизмдері (XIX ғ. екінші жартысы -ХХ ғ. басы)» аттыхалықаралық конференция туралы


ҚР ҒЖБМ Ғылым Комитеті Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты АР23487519 «Самодержавиенің отарлау саясатын жүзеге асырудағы Қазақстанның далалық облыстарының уездік басқармалары (ХІХ ғ. екінші жартысы – ХХ ғ. басы)» ғылыми жобасы аясында 2024 жылдың 15 қазанында «Ресей империясының ұлттық аймақтарындағы уездік басқару: ұйымдастыру принциптері мен қызмет ету механизмдері (XIX ғ. екінші жартысы – ХХ ғ. басы)» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция откізілді.

Конференцияның мақсаты – Ресей империясының ұлттық аймақтарындағы, оның ішінде Қазақстанның далалық өлкелеріндегі уездік басқарудың қызметін, ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басындағы ұйымдастыру принциптері мен жұмыс істеу тетіктерін жан-жақты зерттеу болды.

Конференцияда Ресей империясының ұлттық аймақтарындағы самодержавиенің отаршылдық саясатын жүзеге асырудағы уездік әкімшіліктің қызметіне қатысты көптеген мәселелер, оның зардаптары талқыланды.

Алғы сөзді Ш.Ш. Уәлиханов атындағыТарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Садвокасова Закиш Тулехановна айтты.

         Қызықты және сапалы презентациялық материалдар және видоероликтармен сөйлегендер: Батырбаева Шайыркул Джолдошевна –тарих ғылымдарының докторы, Б.Н.Ельцин атындағы Қырғыз-Ресей Славян университетінің гуманитарлық факультеті, академик В.М. Плоских атындағы тарих кафедрасының профессоры (Қырғыз Республикасы, Бишкек қ.); Ермекбай Жарас Ақышұлы – тарих ғылымдарының докторы, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Қазақстан филиалының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры (Казахстан Республикасы, Астана қ.), Мамадалиев Иномджон Абдусаттарович – тарих ғылымдарының докторы, Академик Б. Гафуров атындағы Худжанд мемлекеттік университетінің профессоры (Таджикистан, Худжанд қ.), Кабульдинов Зиябек Ермуханович – Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Бас директоры, ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор (Казахстан Республикасы, Алматы қ.), Абенова Бибигуль Сейловна- тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Ш.Ш. Уәлиханов атындағыТарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері (Казахстан Республикасы, Алматы қ.), Жаркынбаев Талайбек Жумабаевич – тарих ғылымдарының кандидаты, Ош Мемлекеттік Университеті Қырғызстан тарихы, археология және эттнология кафедрасының доценті (Қырғызстан Республикасы,Ош қ.), Назаров Фахриддин Алланазарович – тарих ғылымдарының кандидаты, Академик Б. Гафуров атындағы Худжанд мемлекеттік университетінің аға окытушысы (Таджикистан, Худжанд қ.), Жемыс Елжар ғылыми жетекшісі Н.М. Накатаев – ҚР ҰҚК Шекара академиясының курсанты (Казахстан Республикасы, Алматы қ.), Алиев Ерсултан Бекболұлы, ғылыми жетекшісі С.А. Саттарова – ҚР ҰҚК Шекара академиясының курсанты (Казахстан Республикасы, Алматы қ.), Умаров Сапар, ғылыми жетекшісі С.А. Саттарова – ҚР ҰҚК Шекара академиясынгың курсанты (Казахстан Республикасы Алматы қ.), Шанчарбаев Амир, ғылыми жетекшісі А.Т. Ахметжанова – МИТУ студенті (Казахстан Республикасы, Алматы қ.), Кожамжарова Асель, ғылыми жетекшісі А.Т. Ахметжанова – МИТУ студенті (Казахстан Республикасы, Алматы қ.) және т.б.

Конференция соңында баяндамаларды талқылау ұйымдастырылып, қорытындысы шығарылды, сертификаттар табыс етілді. Конференция офлайн және онлайн режимінде өтті. Ұйымдастырушылар конференцияның барлық қатысушыларына үлкен алғыстарын білдіреді.