Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2024 жылғы 7 қарашада «1920-1930 жылдардағы панасызх балалар тарихының зерттелуі мен проблемалары» атты ғылыми-әдістемелік семинар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «1920-1930 жылдардағы Қазақстан мен шектес елдер аумағындағы балалар панасыздығының проблемасы» (ИРН AP23488331) гранттық қаржыландыру жобасын іске асыру шеңберінде өткізіледі.
Іс-шараның мақсаты – 1920-1930 жылдары отандық және шетелдік тарихнамада Қазақстан мен көршілес елдер аумағындағы балалар панасыздығы проблемасын зерделеудің теориялық және методологиялық негіздерін жетілдіру, сондай-ақ зерттеу тақырыбы бойынша жаңа деректерді анықтау, жинау және оларды ғылыми айналымға енгізу мәселелерін талқылау.
Талқылаудың негізгі бағыттары:
– «балалар панасыздығы» ұғымының анықтамасын, 1920-1930 жылдары Қазақстанда және шектес аумақтарда қоғамдағы осы құбылыстың алғышарттарын, себептері мен салдарын айқындау;
– 1920-1930 жылдардағы Қазақстанда және оған іргелес аумақтардағы балалардың панасыздығы тарихының тарихнамасын талдау, белгілі бір мәселелерді зерттеудің тереңдігін, сондай-ақ жекелеген бағалаулардың пікір-таластығын анықтау;
– Қазақстандағы 1921-1923 және 1932-1933 жылдардағы ашаршылықтың салдарын елдегі балалар панасыздығының және отбасы институтының күйреуінің негізгі факторы ретінде зерделеу;
– балалар панасыздығы мәселесі бойынша деректердің негізгі кешендерін сипаттау, 1920-1930 жылдары Қазақстанда және оған іргелес аумақтарда балалар панасыздығын жою бойынша заңнамалық және нормативтік-әдістемелік базаны қалыптастыру үдерісін зерделеу;
Семинардың жұмыс тілдері: қазақ, орыс.
Семинар жұмысының басталуы: 2024 жылғы 7 қараша, сағат 11:00-де.
Жұмыс форматы: Zoom бағдарламасы арқылы конференцияға офлайн және онлайн қосылуидентификаторы: 89489921291, Код 641789.
Семинарға қатысуға өтінімдер 2024 жылғы 6 қарашаға дейін «Семинар» белгісімен электрондық нұсқада bek.alma_81@mail.ru -ге жіберілсін
Ұйымдастыру комитеті семинардың тақырыбына немесе қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін өтінімдерді қабылдамауға құқылы.
Ұйымдастыру комитетінің байланыстары: 050010, Алматы қ., Шевченко к-сі, 28. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты., ғылыми қызметкер Бекенова А.А. (+77057752393), e-mail: bek.alma_81@mail.ru.
Семинарға қатысуға өтінім:
1 | Аты-жөні | |
2 | Оқу/жұмыс орны, лауазымы | |
3 | Ғылыми дәрежесі, атағы | |
4 | Байланыс мекен-жайы және телефон, e-mail: | |
5 | Баяндама тақырыбы |
Құрметпен, Ұйымдастыру комитеті