ҚР ҒЖБМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында «Қазақстандағы 1931-1933 жылдардағы жаппай ашаршылық куәгерлерінің және олардың ұрпақтарының естеліктер сериясын дайындау және басып шығару» БНҚ жобасы жүзеге асырылуда. Жоба орындаушысы, тарих магистрі А.А. Бекенова 2024 жылғы 17–26 қазан аралығында Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы бойынша іссапарда болды. Іссапардың мақсаты – кітапханалар мен архивтердегі материалдарды жинау және жүйелеу, Қазақстандағы 1931-1933 жылдардағы жалпай ашаршылық куәгерлерінің және олардың ұрпақтарының естеліктерін жинау.
2024 жылғы 17 қазаннан 26 қазан аралығында «Қазақстандағы 1931-1933 жылдардағы жаппай ашаршылық куәгерлерінің және олардың ұрпақтарының естеліктер сериясын дайындау және басып шығару» БНҚ жобасы бойынша Алматы облысы Қарасай ауданына, Қаскелең қаласына іссапар тапсырмасына сәйкес келесі жұмыстар орындалды:
1. Іссапар барысында Қаскелең қаласы, Қарасай ауданының Үштерек, О.Жандосов, Райымбек, Қошмамбет, Шеңгелді т.б. ауылдары бойынша Қазақстандағы 1931-1933 жылдардағы жаппай ашаршылық куәгерлерінен және олардың ұрпақтарынан естеліктер жинау жұмыстары жүргізілді. Естелік берушілерге сауалнама парақтары толтырылып, ақпаратты жариялауға рұқсат қолхаттары, өздері мен ата-аналарының фотолары алынды. Сауалнама барысындағы дауыстық жазбалары жоба жетекшісінің электрондық поштасына жіберілді.
Ерекше атап өтерлік, 1931-1933 жылдардағы Қазақстандағы жаппай ашаршылықтың куәгері Қарасай ауданы Қошмамбет ауылының тұрғыны 103 жастағы Бұралкиева Күлүш апамен сауалнама жүргізілді. Институтымызда ғылыми тәжірибеден өтіп жүрген Қазақ ұлттық қыздар педагогигалық университетінің 4-курс тарих мамандығының студенті Г.С. Дуйсенбаева сауалнама алу барысында қатысып, өз тәжірибесін жетілдіре түсті.
Қарасай ауданы Жамбыл ауылында өткен «Ана жүрегі» жиылысына Қонаев қаласынан келген Джумагулова Жолдықыз Копбаевнадан сауалнама алынды. Қарасай ауданы Береке ауылының тұрғыны, өлкетанушы Орынбасар Басарұлының ұсынуымен Алматы қаласының тұрғыны, өлкетанушы Бүркітбаева Үміткен Сүйіншіқызынан естелік алынды. Үміткен Сүйіншіқызы Институтымызға өзінің авторлығымен жарияланған 4 кітабын (Ү. Бүркітбаева. Өткен күндер – қалған іздер. – Алматы: Нұрлы әлем, 2012. – 224 б.+16 б. жапсырма.; Бүркітбаева Ү., Қарабасов Ж. Абадан. – Алматы: ТауПринт, 2023. – 224 б.; Бүркітбаева Ү., Қарабасов Ж. Ыбырайым Жайнақов және «Алаштың» Жетісулық қайраткерлері. – Алматы: Таугүл-Принт, 2020. – 192 б.+16 б. жапсырма; Бүркітбаева Ү., Қарабасов Ж. Жаңа өмір жаршысы – Жайнақ би. – Алматы: Таугүл-Принт, 2022. – 168 б.) сыйлады, кітаптар Институт кітапханасына табысталды. Сондай-ақ сауалнама барысында Қарасай ауданы Шамалған ауылының тұрғыны Ділдабеков Бақберген Әжібекұлы өзінің «Шежіре» кітабын (Ділдабеков Б.Ә. Шежіре. – Алматы: Елнұр, 2007. – 134 б.), Қарасай ауданы Жібек жолы ауылының тұрғыны Жұманиязов Абай Қыдыралы-ахунұлы өзінің «Атадан мұра адал жол» кітабын (Жуманиязов А.Қ. Атадан мұра адал жол. – Алматы: Полиграфия сервис и Ко, 2023. – 226 б.) Институтымызға сыйлады, кітаптар Институт кітапханасына тапсырылды.
2. 2024 жылғы 17 қазанда зерттеу такырыбы бойынша архив кұжаттарын анықтау және материалдарды жинау үшін Алматы облысының Мемлекеттік архивінде жұмыс жүргізіліп, қорлар жиынтығы, істер зерделенді. Алматы облысының Мемлекеттік архиві тарапынан Институтымызға «Қазақ халқының қасіреті» (Құжаттар мен материалдар жинағы: ХХ ғасырдың 20-шы, 30-шы жылдарындағы Қазақстандағы ашаршылық.). / Жауапты құрастырушы: Тахаева М.К. – Алматы, 2010. – 414 б.) атты архив материалдарының жинағы сыйға берілді. Жинақ 3 бөлімнен тұрады, 1-бөлім «Естеліктер мен мақалалар», 2-бөлім «Мұрағат құжаттарын жариялау», 3-бөлім «1920 жылдардағы ашаршылық себептері:, ауқымы, зардаптары» атты ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары» деп аталады. Жинақта ХХ ғасырдың 20-шы, 30-шы жылдарындағы Қазақстандағы ашаршылыққа қатысты 76 құжат қамтылған.
3. Алматы облысы Қарасай ауданы бойынша 2 музеймен: Қаскелең қаласындағы Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейі және «Анаға құрмет» музейімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою бойынша жұмыстар жүргізілді.
Қорытындылай келгенде, іссапар өз мақсатын орындап, табысты аяқталды. Алматы облысының Мемлекеттік архивінің «Қазақ халқының қасіреті» атты архив материалдарының жинағы және сауалнама берушілер сыйлаған 6 кітап Институт кітапханасына табысталды. Қарасай ауданы бойынша 2 музеймен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға отыру нәтижелі болды. 1931-1933 жылдардағы Қазақстандағы жаппай ашаршылықтың куагерлері мен олардын ұрпақтарының естеліктерінің дауыстық жазбалары, сауалнама парақтары, ақпаратты жариялауға рұқсат қолхаттары, өздері мен ата-аналарының фотолары жоба жетекшісіне тапсырылды.
Алматы облысы Қарасай ауданы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағат Ұлтарақұлына, Қарасай ауданы бойынша барлық Ардагерлер кеңестерінің төрағаларына және Әжелер кеңестерінің төрайымдарына естеліктер жинауда көрсеткен көмектері үшін ризашылығымызды білідіреміз. 1931-1933 жылдардағы Қазақстандағы жаппай ашаршылықтың куагері Бұралқиева Күлүш апамызға және төмендегі ашаршылық куагерлерінің ұрпақтарына естеліктерімен бөлісіп, еліміздің тарихына өз үлестерін қосқандары үшін алғысымызды айтамыз:
№ | Ауылы | Естелік беруші |
Алматы қаласы | Бүркітбаева Үміткен Сүйіншіқызы | |
Қонаев қаласы | Джумагулова Жолдықыз Копбаевна | |
Қаскелең қаласы | Райханов Анжан Қапанұлы | |
Қошмамбет ауылы | Буралкиева Кулуш (қыз. Шолпанкулова) | |
Бекболат ауылы | Әбілда немересі Бекболат Құрманәліұлы | |
Көксай ауылы | Исмаилова Нұрила Жүнісқызы | |
Көкөзек ауылы | Нұрғалиев Нұрғиса | |
Үштерек ауылы | Абдисатарова Мейрамбүбі Кахаровна | |
Батан ауылы | Толынбеков Амангелді Қосақбайұлы | |
Райымбек ауылы | Бахрамова Канзада Абдуллаевна | |
Неспбаев Алдабосын | ||
Береке ауылы | Қосшығұлов Қалида | |
Тойымбетова Салиха Сарықызы | ||
Шамалған ауылы | Ділдабеков Бақберген Әжібекұлы | |
Гельметдинова Гулькай | ||
Жармұханбет ауылы | Мамбетов Мейрамбай | |
Саламатов Сапар Қалиұлы | ||
Саламатова Нұржамал Абдраимовна | ||
Алмалыбақ ауылы | Ысқақов Аюп Рашидұлы | |
Қожахметов Кенебай | ||
Оразалиев Рахым | ||
Мейірманов Ғалиолла Төлендіұлы | ||
Жібек жолы ауылы | Шуашева Тұрсынбала Нурсейітовна | |
Анисов Базаргелді Кенжебекұлы | ||
Жұманиязов Абай Қыдыралы-ахунұлы | ||
Ботабаева Нұржан Жұмабековна | ||
О. Жандосов ауылы | Дадан Елена Шынжырбайқызы | |
Кузембаева Нурлыхан Таубалдықызы | ||
Жунусова Ұлтуар Тұтқабаевна | ||
Ракишева Рыскул Шалимбетовна | ||
Бейсбаев Молдағали | ||
Алиаскаров Картай | ||
Рыспекова Кульдария Жолдасбаевна | ||
Естаева Алия Кадирбековна |
Г.С. Дуйсенбаева және Қазақстандағы 1931-1933 жылдардағы жаппай ашаршылық куәгері, Алматы облысы Қарасай ауданы Қошмамбет ауылының тұрғыны
103 жастағы Бұралқиева Күліш апамен
Жібек жолы ауылдық округінің Ардагерлер кеңесінің отырысынан көрініс:
солдан оңға қарай А.Қ. Жуманиязов, Б.К. Анисов
Қазақстандағы 1931-1933 жылдардағы жаппай ашаршылық куәгерлерінің ұрпағы, Қарасай ауданы Жібек жолы ауылының тұрғыны, «Атадан мұра адал жол» кітабының авторы Жұманиязов Абай Қыдыралы-ахунұлы өз кітабын Институтымызға сыйлау сәті
Қазақстандағы 1931-1933 жылдардағы жаппай ашаршылық куәгерлерінің ұрпағы, Алматы қаласының тұрғыны, өлкетанушы, бірнеше кітаптардың авторы Бүркітбаева Үміткен Сүйіншіқызы
Қазақстандағы 1931-1933 жылдардағы жаппай ашаршылық куәгерлерінің ұрпағы, Қарасай ауданы Батан ауылының тұрғыны, «Мен және менің ауылым» кітабының авторы Толынбеков Амангелді Қосақбайұлы
Қазақстандағы 1931-1933 жылдардағы жаппай ашаршылық куәгерлерінің ұрпағы, Қарасай ауданы Шамалған ауылының тұрғыны, «Шежіре» кітабының авторы Ділдабеков Бақберген Әжібекұлы өз кітабын Институтымызға сыйлау сәті