Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ


Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 2024 жылғы 21 қараша сағат 11.00-де «Зұлмат куәгерлерінің және ұрпақтарының естеліктері тарихи дерек ретінде» тақырыбында ғылыми-методологиялық семинар өткізеді. Ғылыми семинар «Қазақстандағы 1931-1933 жылдардағы жаппай ашаршылық куәгерлерінің және олардың ұрпақтарының естеліктер сериясын дайындау және басып шығару» БНҚ жобасын жүзеге асыру аясында жүзеге асырылады.

Қазақстандағы 1931-1933 жылдардағы алапат аштық қазақтың дәстүрлі шаруашылығын біржола бүлдіріп қиратқан күштеп ұжымдастыру және көшпелі, жартылай көшпелі қожалықтарды отырықшылдыққа зорлап көшіру шараларының зардаптарынан туындады.  Ашаршылық халықты жаппай қыруымен қатар босқыншылыққа ұшыратты. Советтік кезеңде ашаршылық тақырыбы «жабық» тақырыптардың біріне айналып, тәуелсіздік жылдары ғана жан-жақты зерттеле бастады. Ашаршылық куәгерлерінің естеліктерін жинау, естеліктерді тарихи дерек ретінде пайдалану қолға алынды. Қазіргі уақытта ашаршылық куәгерлерінің сиреуіне байланысты, олардың ұрпақтарының да зұлмат жылдар туралы естеліктерінің маңызы артуда.

Ғылыми-методологиялық семинар мақсаты – Қазақстандағы зұлмат жылдарындағы жаппай ашаршылық куәгерлерінің және олардың ұрпақтарының естеліктерін тарихи дерек ретінде пайдаланудың маңызына баға беру  және естеліктерді зерттеудің методологиясын талқылау.

Талқылаудың негізгі бағыттары:

  • естеліктердің тарихи дерек ретіндегі  өзіндік ерекшеліктерін анықтау;
  • естеліктердің  мазмұны және тарихты зерттеудегі орны мен рөлін айқындау;
  • аштық куәгерлерінің көрсеткен ашарлышық себептері мен халықтың жаппай қырылуына ықпал еткен факторларды талдау;
  • куәгерлердің ашаршылық жылдарында бастан кешірген оқиғаларын жүйелеу;
  • оқиға куәгерлерінен немесе олардың ұрпақтарынан сұхбат алу әдістерін талдау;
  • естеліктерді дерек ретінде пайдаланудың және оларды зерттеудің метологиясын талқылау.

Семинардың жұмыс тілдері: қазақ, орыс.

Семинар жұмысының басталуы: 2024 жылғы 21 қараша сағат 11.00.

Жұмыс форматы: офлайн және онлайн қосылу zoom сілтеме:
https://us02web.zoom.us/j/81875022975?pwd=ZUeoaE7gNkpBmAksppEulSrlXnPZWU.1
Идентификатор: 818 7502 2975. Код: 793678.

Семинарға қатысуға өтінімдер 2024 жылғы 20 қарашаға дейін «Семинар» белгісімен электрондық нұсқада bek.alma_81@mail.ru-ге жіберілсін.

Ұйымдастыру комитеті семинардың тақырыбына немесе қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін өтінімдерді қабылдамауға құқылы.

Ұйымдастыру комитетінің байланыстары: 050010, Алматы қ., Шевченко к-сі, 28. Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты., ғылыми қызметкер А.А. Бекенова (+77057752393), e-mail: bek.alma_81@mail.ru.

Семинарға қатысуға өтінім:

1Аты-жөні 
2Оқу / жұмыс орны, лауазымы 
3Ғылыми дәрежесі, атағы 
4Байланыс мекен-жайы және телефон, e-mail: 
5Баяндама тақырыбы 

Құрметпен, Ұйымдастыру комитеті