Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

ТӘЖІКСТАН САПАРЫ


2024 жылдың 14 қарашасы мен 24 қарашасы аралығында Душанбе қаласына (Тәжікстан Республикасы) институттың ғылыми қызметкерлері Ж. Жеңіс пен А. Қайыпбаева ғылыми іссапармен барып қайтты.

Іс сапар «1920-1930 жылдардағы Қазақстан аумағындағы және іргелес елдердегі балалар панасыздығы мәселесі» жобасы бойынша өтті.

Іс-сапар барысында Тәжікстан Ұлттық кітапханасы, Тәжікстан республикасының бас архив басқармасында, Тәжікстан Ұлттық музейінде, Гиссар тарихи-мәдени музейінде, Қарлық Орталығында архив құжаттары, қолжазбалар, Тәжікстан ҒА Дониш атындағы Тарих және этнология институтында, Тәжікстандағы Қазақ Мәдени Орталығында болып, ХХ ғ. 20-30 жылдары жарық көрген тәжік тіліндегі материалдармен жұмыс жасалды.

Тәжікстан республикасының бас архив басқармасында архив директоры Б. Гуламовпен кездесіп, архив пен Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының тарихы мен қазіргі жағдайы туралы жан-жақты айтылды. Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Архивте жұмыс барысында Тәжікстандағы ХХ ғ. 20-30 жылдарындағы панасыз балалар туралы 200 беттен аса архивтік материалдар көшіріліп алынды.

Тәжікстан Ұлттық кітапханасында сирек қолжазбалар және  кеңес кезеңіндегі әдебиеттер бөлімінде жұмыс жасалып, ХХ ғ. 20-30 жылдары жарық көрген тәжік тіліндегі материалдармен жұмыс жасалды. Кітапхананың өз қолжазба қоры, сирек кітаптар қоры бар. Қазақстан мен Орталық Азия елдері тарихына қатысты 19-20 ғасыр баспасөз газеттер мен журналдар тізбегі сақталған. Сирек қолжазбалар бөлімінде ХХ ғ. 20-30 жылдар аралығында жарық көрген «Точикистоне сорх», «Авазе точик», «Бидоре точик» т.б. атты газеттердің тігіні талданып, ол басылымдардан осы жылдары  Қазақстандағы ашаршылық пен балалар панасыздығына қатысты 100 беттік материалдар алынды.

1925-1935 жылдар аралығында шыққан тәжік газеталарында Қазақстанның сол кездегі экономикалық ахуалы,  ұжымдастыру, байларды тәркілеу, қуғын-сүргін, панасыз балалар, т.б. тақырыптарда материалдар жарияланған.

Сапар барысында,

– Тәжікстан архивтері мен кітапханаларында ғылыми ізденіспен айналысуы үшін қысқа мерзімдік стажировкалар ұйымдастыру:

– Біріккен ғылыми журнал, жинақтар, монографиялар, басылым шығару және екі жақтың ғылыми журналдарына мақалалар беру;

– Біріккен ғылыми жиындар (дөңгелек столдар, конференция, семинарлар) өткізу;

– Екі жақтың мамандарының өзара тағлымдамаларын өткізу;

– Екі елдің тарихына қатысты біріккен Жобалар жасау бойынша келісілді.