Ш.Ш Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Бас директоры, ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор З. Е. Қабылдинов
Иран Ислам Республикасы Елшілігінің Мәдени Орталығының атташесі Құсайын Ағазаде мырзамен кездесті.
Кездесу барысында тараптар ағымдағы жылы екі ел тарихшылар қауымдастығының атқарған жұмыстарымен танысып, келер жылға жасалатын шараларға қатысты ойларымен бөлісті.
Сонымен қатар, Құсайын Ағазаде мырза Институт директоры З.Е. Қабылдинов ұсынған парсы тіліндегі Қазақстанның қысқаша тарихы оқулығын жазуға қолдау білдіріп, парсы тілін үйренуші жастарды 2-3 апталық тілдік тәжірибеден өткізуге Иранға жіберуге дайын екенін хабарлады және келесі жылы біріккен ғылыми жиын өткізу туралы З.Е. Қабылдиновтың ұсынысына өз тарапынан барынша қолдау көрсететінін айтты.
Кездесу соңында Құсайын Ағазаде мырза Институт жұмысымен танысып, атқарылып жатқан қызметіне ризашылығын білдіріп, тараптар өзара кітаптармен алмасып, одан әрі жемісті ынтымақтастық туралы келісті.